Сейсенбі, 22 шiлде, 17:13

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№54, 2167
22.07.2025
PDF мұрағаты

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес «Бағанашыл» балалар үйі Қонаевқа көшірілмейді

22.07.2025

79 0

Фото: Zakon.kz

2025 жылдың 21 шілдесінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың балалар үйіндегі тәрбиеленушілерді Алматыдан Қонаевқа көшіруге қатысты жағдайға реакциясы белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысының кеңесшісі әрі баспасөз хатшысы Руслан Желдібай өзінің Telegram-арнасында «Бағанашыл» балалар үйінің тәрбиеленушілерін Алматыдан Қонаев қаласына көшіруге байланысты жағдаймен танысқан Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалдыға оқушылардың оңтүстік астанада білім алуын жалғастыру үшін балалар үйіне жөндеу жұмыстарын жүргізуді және аталған нысанды қаланың балансына алуды тапсырды, – деп жазды.

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, балалар үйі көшірілмейді. Аталған жағдайға байланысты Президент Әкімшілігі қызметтік тексеріс жүргізеді», – деп жазды Руслан Желдібай.

Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың заң шеңберіндегі барлық құқығы толық сақталады.
Бұған дейін Алматыдағы «Арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау жөніндегі облыстық орталығы» ММ ғимаратының апатты жағдайына байланысты балаларды Қонаев қаласында орналасқан балалар үйінің жаңа ғимаратына көшіру туралы шешім қабылданғаны туралы ақпарат тараған болатын.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: