Дүйсенбі, 09 маусым, 19:23

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№41 -2154
03.06.2025
PDF мұрағаты

Мемлекет марқұм Шерзат Полаттың отбасына үй салып беретін болды

09.06.2025

78 0

Фото: Dalanews.kz.

Шерзат Болаттың әкесі Қаржаубай Нұрымовқа мемлекет үй салып беретін болды. Бұл ақпаратты Алматы облысының Еңбекшіқазақ аудандық әкімдігі растады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Әкімдік мәліметінше, жергілікті атқарушы органдар тарапынан түсіндірме жұмыстарынан кейін, өтініш иесі рұқсат құжаттарын рәсімдеу үшін барлық қажетті құжаттарды тапсырды.

«Қазіргі уақытта барлық құжаттар толық дайындалды. Құрылыс жұмыстары алдағы уақытта басталады деп жоспарлануда. Аудан әкімдігі құрылыс барысын қадағалап, өз өкілеттігі аясында қажетті қолдау көрсететін болады», – дейді әкімдіктің ресми өкілдері. 

Еске салайық, бұған дейін Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының әкімдігі Шерзат Полаттың әкесі Қаржаубай Нұрымовқа уәде еткен үйді әлі бермегенін хабарлаған едік. Бұл туралы Нұрымовтың өзі блогер Жан Ахмадиевке берген сұхбатында айтты. 

Блогердің сөзінше, қазіргі уақытта өртенген үйдің орнында жаңа іргетас қаланған. Оны әкімдік емес, Қаржаубай Нұрымовтың өзі құйған. 

«Өздеріңіз түсінгендеріңіздей енді Қаржаубайға ешкім үй салып бермейді», – дейді Жан Ахмадиев. 

Қазақстандықтар Қаржаубай Нұрымовқа үй алып беруге қаржылай көмек беруге дайын екенін жазып жатыр. 

Айта кетейік, былтыр 12 қазанға қараған түні Талғар трагедиясында қаза тапқан Шерзат Болаттың үйі өртеніп кетті. Бұл дерекке Полиция департаменті жауап берді. 12 қазанға қараған түні Еңбекшіқазақ ауданы Азат ауылындағы үйлердің бірінде өрт болды.

Полиция бөтеннің мүлкін қасақана жою дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. 

Тергеу аясында куәгерлерден жауап алынып жатыр, сондай-ақ бейнебақылау камераларының жазбалары зерттеліп жатыр. 

Артынша Шерзат Болаттың отбасын полиция күзететіні белгілі болды. 

Бүгін, 12 қазанда Бас прокуратураның басшылығымен қылмысты ашу үшін ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: