Жұма, 07 қараша, 21:37

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№84, 2196
04.11.2025
PDF мұрағаты

Мемлекет өзгеруі үшін заң қажет болса, қоғам өзгеруі үшін құндылықтар қажет – сарапшы

07.11.2025

58 0

Фото: жасанды интеллект/BAQ.KZ

Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаевтың жарлығымен «ҚР Ішкі саясатының негізгі қағидаттары, құндылықтары мен бағыттары» деп аталатын құжат бекітілген еді. Сарапшылар бұл құжаттың маңыздылығын айтып, пікір білдіруде. BAQ.KZ тілшісі Алматы облысы Қоғамдық кеңесінің мүшесі Қазыбек Дауталиевтен пікір сұрады.

Қоғам белсендісі бұл құжаттың маңыздылығын түсіндірді.

Шыны керек, бұл өте маңызды құжат. Себебі, тәуелсіздіктің елең алаңында осы идеология сұрағы көтеріліп, әлі күнге дейін күн тәртібінен түспей талқыланып келе жатыр. Осындай құжаттың қажеттігін зиялы қауым да  жүйелі түрде айтты. Сол кеңес заманындағы таптық теорияға негізделген коммунистік идеология мемлекеттік идеология ретінде танылып, басқа бөтен ойдың, азат пікірдің аузын жапты. Бүгін біз өз тәуелсіздігіміздің белгілі бір ғұмырын жүріп өткен егеменді елміз. Сондықтан да басым бағыттар айқын болып отыр, – деді сарапшы.

Сондай-ақ сарапшы құжаттың қабылдануы қандай мәселелерді шешуге көмек беретіні туралы айтты.

Бұл құжаттың қабылдануы бірінші кезекте мемлекет пен қоғам арасында тиімді қарым-қатынас орнату, оның мына жасампаздыққа әкелуіне, елдің әлеуметтік, экономикалық өсуіне оң ықпал етуі керек деген осындай бір талаптар тұр. Одан бөлек өзгермелі әлем сыртқы факторларға да бейімделе білу, осыны бірауыздан келісіп шешу бұл бір жағынан мемлекеттік аппараттың, әсіресе, ішкі саясат саласындағы үлкен мемлекеттік қызметшілерден тұратын корпустың да тиімділігін арттырады, – деп есептейді сарапшы.

Президентіміз Атырауда өткен Ұлттық Құрылтайдың үшінші отырысында мемлекетті заңмен жазып, өмірге әкеле салғанымен оның аяққа тұрып, табан тірейтіні мына қоғам болғандықтан сол қоғамның мықты болуы, орнықты дамуы тікелей оның сипатына, ішкі мазмұнына тәуелді екендігін айтқан еді.

Сондықтан сарапшы мемлекеттің өзгеруі үшін заң қажет болса, қоғамның өзгеруі үшін құндылықтар қажет деген пікірде.

Сондай-ақ, құжат қоғам мен билік арасындағы сенімді арттыруға қаншалықты әсер етуі мүмкін деген сауалымызға:

Бірінші кезекте ескеруге тиіс осы ішкі саясат саласындағы субъектілер, яғни мемлекеттік органдар, жауапты тұлғалардың бір мағынада түсінуі, ел идеологияларын нақты анықтай білуі осы тұрғыдан өте маңызды. Екіншіден, қоғаммен жұмыс істеудің аксиома екендігін көрсетіп беруі әрбір шешім талқылауды, пікір алмасуды қажет ететінін жеткізеді. Әрбір мемлекеттік қызметшінің жауаптылығына, тіпті олардың мәртебесіне де оң әсер ететін болды деп ойлаймын, – деп жауап берді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: