Мемлекеттік қызмет – ел басқару ісіндегі негізгі тірек, барлық саланың үйлесімді жұмыс істеуін қамтамасыз ететін маңызды тетік. Халықтың билікке деген сенімі – ең алдымен, заман талабына сай, жауапкершілігі жоғары мемлекеттік қызметшінің іс-әрекетімен өлшенеді. Жыл басынан бері жергілікті атқарушы мемлекеттік органдар бойынша барлығы 140 қызметшінің білімін жетілдіру жұмыстары ұйымдастырылды. Әрине, ұдайы даму үдерісінде жүру – қоғам қажеттіліктеріне икемделе отырып, тиімді әрі сапалы қызмет көрсетуге ұмтылуға жол ашады. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Ерлеген Мендалиев айтты.
-Есепті кезеңде мемлекеттік әкімшілік қызметке кіруге үміткерлерді тестілеуге 734 адам қатысып, оның 165 немесе 22,5% шекті мәннен төмен емес нәтижеге ие болды. Құқық қорғау органдарына алғаш кіретін азаматтарды тестілеуге 263 адам қатысып, оның 84 немесе 32% шекті мәннен төмен емес нәтижеге ие болды.Жыл басынан бері Қызылорда облысындағы барлық деңгейдегі мемлекеттік органдарда 125 бос лауазымдарға орналасуға конкурстар өткізілді. 2024 жылы жүргізілген Өңірлік кадр резервіне іріктеуге өңіріміздің жастары белсенді қатысып, 235 үміткер өз құжаттарын тапсырып, іріктеу жұмыстары Қызылорда облысы бойынша сәтті аяқталды. Нәтижесімен Қызылорда облысының Өңірлік кадр резервіне алынған 25 кандидаттың 9-ы конкурстық іріктеусіз бос лауазымдарға тағайындалды. Оның ішінде 3-і басшы лауазымдар. Тағы 1 үміткер ҚР Президенті Әкімшілігіне шақырту алып, жаңа лауазымға орналасты. Өңірлік кадр резервінен тағайындаулар саны жағынан Қызылорда облысы алғашқы орындарда. D-O-2 санаты бойынша барлығы 11 мемлекеттік қызметші ротациялауға енгізілген. Бұл ретте, 6 қызметшінің қызметте болу мерзімі 5 жылдан асқандықтан облыс әкімдігімен мерзімін ұзарту бағытындағы шешім қабылданды. 5 қызметшінің 3-еуі бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға жарияланған конкурстарға қатысып, өзге қызметке орналасса, 1 мемлекеттік қызметші өзге D-O-2 санатындағы лауазыммен ротацияланды. 1 мемлекеттік қызметшінің ротациялану мерзімі 6 жыл толуына орай, құжаттары Агенттікке жолданып, келісім алынды. Сонымен, D-O-2 санаты бойынша алғашқы ротацияланушылардың жұмысы толық аяқталды. Әрі қарай, мерзімдері келген мемлекеттік қызметшілерді ротациялау Департаменттің бақылауында болады. E-1 санаты бойынша барлығы 2 мемлекеттік қызметші ротациялауға енгізілген. Оның 1-еуі аудан әкімінің Өкімімен ұзартылды. 1-нің мерзімі 6 жылдан астам болғандықтан құжаттары Агенттікке жолданып, 2 жылға ұзарту туралы келісім алынды. С-O-2 санаты бойынша 10 мемлекеттік қызметші ротациялауға енгізілып, толық ротациялану жұмыстары жүргізілді. Бұл ретте, 1 қызметшінің зейнеткерлік жасқа келуіне байланысты ротациядан босатылғандығын айтып өткен жөн, – деді Ерлеген Жәрдемұлы.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!