Сенбі, 21 желтоқсан, 19:09

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

«Мемлекет жалға беретін пәтерді қазақстандықтар жекеменшікке өткізе алады»: Бақытжан Жүнісбеков

13.09.2024

743 0

Алдағы уақытта мемлекет жалға беретін пәтерді сатып алуға болады. Бұл туралы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Бақытжан Жүнісбеков айтты, – деп хабарлайды Massaget.kz.

Оның айтуынша, биыл 22 мыңнан аса жалға берілетін үйді әкімдіктер сатып алады. Барлық үй баспана кезегінде тұрғандарға беріледі. Кейін бұл пәтерді сатып алуға да мүмкіндік берілмек.

«Тиісті заң жобасы Сенатта қаралып жатыр. Құжат сатып алу құқығынсыз берілген жалға берілген баспананы жекешелендіруге мүмкіндік беруді көздейді. Заң қабылданғаннан кейін сатып алу құқығынсыз жалға берілген үйлерді қазақстандықтар жекеменшігіне өткізе алады. Сатып алуға ақшасы жетпесе, онда бұрынғыдай тұра береді», – деді Бақытжан Жүнісбеков ОҚК-да баспасөз мәслихатында.

"Мемлекет жалға беретін пәтерді қазақстандықтар жекеменшікке өткізе алады": Бақытжан Жүнісбеков

Айта кетейік, 2024 жылғы 8 айда баспана кезегінде тұрған 6 737 адамға жалдамалы пәтер берілген.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: