Сейсенбі, 03 ақпан, 19:55

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№9 (2221)
03.02.2026
PDF мұрағаты

Мемлекетке мүлік пен ақша беру ережелері жаңартылды

03.02.2026

48 0

Фото: Zakon.kz/ Максим Золотухин

Үкіметтің 2026 жылғы 28 қаңтардағы қаулысымен мемлекеттің сыйға тарту шарты бойынша мүлікке құқық алу қағидаларына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мәселен, ақша түріндегі мүлік ҚР бюджет заңнамасына сәйкес бюджет кірісіне немесе арнаулы мемлекеттік қорға есептелетіні нақтыланады. Шетел валютасы тиісті бюджеттің кірісіне немесе арнаулы мемлекеттік қорға Ұлттық банктің валюта айырбастаудың ресми бағамы бойынша не болашақта меншік иесінің мүлікке құқықтарды мемлекеттік меншікке өтеусіз беру уәдесін қамтитын сыйға тарту шартында белгіленген беру күніне есептеледі.

Шешім қабылданғаннан кейін күнтізбелік жиырма күн ішінде бюджетке салықтық емес түсімдер болып табылатын көрсетілген ақшалай қаражатты тиісті бюджетке аударуды Бірыңғай бюджеттік сыныптаманың тиісті кодтарына жүргізеді.

Меншік иесінің болашақта мүлік құқықтарын мемлекеттік меншікке өтеусіз беру уәдесін қамтитын сыйға тарту шарты бойынша ақшалай қаражатты аудару сыйға тарту шартында белгіленген мерзімде жүзеге асырылады.

Қаулы 2026 жылғы 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілетін тармақшаны қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сыйға тарту шарты бойынша мүлік құқықтарын мемлекетке беру туралы шешімді мүліктің меншік иесі қабылдайды және ол заңнамада белгіленген тәртіппен ресімделуге тиіс.

Жеке тұлғалар және мемлекеттік емес заңды тұлғалар сыйға тарту шарты бойынша мемлекетке берілетін мүліктің меншік иелері болып табылады.

Құны заңнамалық актiлерде белгiленген он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнен аспайтын әдеттегі сыйлықтарды қоспағанда, жас балалар мен әрекетке қабiлетсiз деп танылған азаматтардың атынан, олардың заңды өкiлдерiнiң сыйға тартуына жол берілмейді.

Мемлекеттік меншікке берілетін мүліктің меншік иесі сыйға тарту шарты бойынша мүлік құқықтарын мемлекетке беру туралы ұсыныспен мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға не оның аумақтық бөлімшесіне (аумақтық бөлімше), не облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарына, не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппаратына (жергілікті атқарушы органдар) тізілімнің веб-порталы арқылы жүгінеді.

Сыйға тарту шарты бойынша мүлік құқықтарын мемлекетке беру туралы ұсыныспен жүгінген кезде мүліктің меншік иесі, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелерде қамтылған дербес деректер мен заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді.

Сыйға тарту шарты бойынша мүлік құқықтарын мемлекетке беру туралы ұсынысты қарау үшін мүлік иесінен:

  • құқық белгілейтін құжаттардың;
  • мүлікке арналған сәйкестендіру құжаттарының;
  • мүлікке ауыртпалықтардың бар-жоғын растайтын құжаттың;
  • теңгерімнен үзінді көшірменің немесе бекітілген нысан мен мазмұн бойынша мүлікті бағалау туралы есеп.

заңды тұлғалар үшін: заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің не анықтаманың, құрылтай құжаттарының, заңды тұлға өкілінің өкілеттіктерін куәландыратын құжаттың, сондай-ақ заңды тұлға өкілі паспортының немесе жеке басын куәландыратын құжатының, сыйға тарту шарты бойынша мүлік құқықтарын мемлекетке беру туралы шешімнің (шетелдік заңды тұлғалар құрылтай құжаттарының нотариат растаған көшірмелерін қазақ және/немесе орыс тілдерінде нотариат растаған аудармасымен бірге ұсынады);

жеке тұлғалар үшін: жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжатының, ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкі болып табылатын жылжымайтын мүлікке билік ету жөніндегі мәмілені және заңнамада белгіленген тәртіппен нотариатта куәландыруды және (немесе) тіркеуді талап ететін мәмілені жасауға жұбайының (зайыбының) нотариат куәландырған келісімінің, не мүліктің меншік иесінің некеде тұрмайтыны туралы нотариат куәландырған өтініштің электрондық (сканерленген) көшірмелері сұратылады.

Мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы органдар мүліктің меншік иесінің жолданымын алған күннен бастап күнтізбелік жеті күн ішінде тізілімнің веб-порталында тиісті салалардың уәкілетті органдарының немесе жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың (мемлекеттік органдар) мемлекеттің сыйға тарту шарты бойынша мүлік құқықтарына ие болу қажеттігі туралы қорытындыны ұсынуы үшін сыйға тарту шарты бойынша мүлік құқықтарын мемлекетке беру жөніндегі қолда бар ұсыныс туралы хабархатты жариялайды.

Сыйға тарту шарты бойынша мүлік құқықтарын мемлекетке беру жөніндегі қолда бар ұсыныс туралы хабархатта:

  • мүлік туралы (сандық және (немесе) сапалық жағынан өлшенетін және салыстырылатын);
  • мемлекеттің сыйға тарту шарты бойынша мүлік құқықтарына ие болу қажеттігі туралы қорытындыларды қабылдаудың аяқталған күні мен уақыты туралы мәліметтер;
  • мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның немесе жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша қосымша ақпарат қамтылады.

Хабархат тізілімнің веб-порталында кемінде күнтізбелік отыз күн мерзімге жарияланады.

Қаулы 2026 жылғы 13 ақпаннан бастап ішінара қолданысқа енгізіледі.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: