Жексенбі, 22 желтоқсан, 11:05

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 21 түрі балаларға арналған

02.06.2022

855 0

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ көрсететін мемлекеттік қызметтердің 21 түрі балаларға арналған. Солардың ішінде «балаларды мектепке дейінгі ұйымдарға кезекке қою», «бала туғанда берілетін және бала күтімі бойынша жәрдемақыларды тағайындау», «көпбалалы отбасыға берілетін жәрдемақыны тағайындау»«бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» секілді қызметтер сұранысқа ие.

Бүгін «1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні» мерекесіне арналған орталық стадиондағышара барысында филиал мамандары балалар мен ата-аналарға жоғарыда аталған қызметтерде онлайн рәсімдеудің қыр-сырын түсіндірді.

Шараға қатысқан өңір басшысы Нұрлыбек Нәлібаев «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының да жұмысымен танысты. Филиал директоры Айнұр Тобаева балалаға қатысты мемелкеттік көрсетілетін қызметтердің «egov.kz» порталы арқылы оңтайландырылғанын жеткізді.

Жалпы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалыұйымы әрқашан балалар мен отбасы құндылығын арттыру бағытында түрлі шараларды ұйымдастырып келеді. Филиал жанындағы Халық бастауыш партия ұйымы «Бақытты отбасы – бақытты балалық шақ» жобасы аясында Атамекен балалар ауылына әрдайым қолдау көрсетіп, барлық айтулы мерекелерде филиал қызметкерлерді балақайларды құттықтап, жандарынан табылады.

Биыл балалар мерекесіне арнап, филиал қызметкерлерінің балаларына арналған музыкалық аспаптарда шығармаларын орындау конкурсы өткізілді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: