Бүгін аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев облыс активімен бірге ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбаймен кездесті.
Кездесуге Парламент Сенатының депутаты Наурызбай Байқадамов, Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Азамат Жолманов, зиялы қауым өкілдері қатысты.Аймақ басшысы мемлекеттік қызметтің тиімділігін арттыру бағытында атқарылған жұмыстарды атап өтті.
«Сыр өңірінің халқы Мемлекет басшымыздың, Үкіметіміздің барша бастамаларын қолдап келеді. Президентіміз «Мемлекетке қызмет ету – ең құрметті әрі аса жауапты міндет» деп атап өткен болатын.Мемлекеттік қызметші – еліміздің өсіп-өркендеуіне үлес қосатын, қоғамда адалдық пен әділеттіліктің үлгісін көрсететін халықтың айнасы. Жауапкершілігі жоғары салада Өздеріңізге жүктелген міндет пен жоғары сенімді ақтауда бар күш-жігерлеріңіз бен білімдеріңізді сарқып, ел-халыққа адал қызмет ете беруге шақырамын», – деді Н.Нәлібаев.
Актив отырысында Дархан Жазықбай мемлекеттік қызметті дамыту, кәсібилендіру, іріктеу процестерін жетілдіру, қызметтің сервистілік және клиентке бағдарлану қағидаттарына негізделген моделін қалыптастыру бағытындағы кешенді шаралар туралы айтты.

Жиында Сыр өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуы жолында елеулі еңбек еткен ардагерлерге ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің «Мемлекеттік қызмет ардагері» төсбелгісі табысталды.

Еске салайық, биыл маусым айында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру функциялары мен өкілеттіктері Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне берілді.
Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!