2024 жылдың 8 шілдесінде Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі, лотерея қызметіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды. Атап айтқанда, ойындарға және бәс тігуге тыйым салынған адамдардың тізімі кеңейтілді. Мемлекеттік қызметкерлер – ерекше назарда. Енді мемлекеттік қызметшілердің, әскери қызметшілердің, құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлерінің құмар ойындарға және бәс тігуге қатысуына тыйым салынды. Бұл шектеуді сақтамағандарға ең қатаң шаралар қабылданады. Бәс тігілетін ойындарда ұсталған қызметшілер мемлекеттік қызметтен босатылады.
Ұжым қызметкерлерінің құқықтық біліктілігін арттыру мақсатында Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментімен оқыту семинарлары тұрақты жүргізіледі. Кезекті семинар осы лудоманияны болдырмау тақырыбына арналды. Оған Департамент пен аумақтық басқарма мамандары түгел қатысты. Шара барысында құмар ойындарының қауіптілігі, заңнамамен көзделген жауапкершілік, құмар ойындарға тәуелділікпен күресуге бағытталған жаңа шаралар және лудоманияның адамдардың кәсіби қызметіне тигізетін кері әсері туралы ақпараттар берілді.
Заңнамаға енгізілген өзгерістерге сәйкес мемлекеттік қызметкерлер мен лауазымды тұлғалардың құмар ойындармен байланысының бар-жоқтығына тиісті органдармен бақылау күшейтілді және шектеулер сақталмаған жағдайда жауапкершілік көзделген. Сондықтан оңай жолмен табыс табуға қызықпай, құмар ойынның құрығына түсіп қалудан сақ болайық.
Ерлан Ұзақбаев
Қызылорда олысының СЭБД басшы міндетін атқарушы
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!