Бейсенбі, 23 қазан, 13:52

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№80, 2192
21.10.2025
PDF мұрағаты

Мемлекеттік қызметкерлер «Этно Quiz» интеллектуалды сайысына қатысты

23.10.2025

65 0

Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасы 25 қазан – Республика күніне, сондай-ақ «Қазақ» атауының қайтарылуы мен Қызылорда қаласының астана болғанына 100 жыл толуына орай «Этно Quiz» атты интеллектуалды сайыс ұйымдастырды.

Іс-шараның мақсаты – мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, қызметкерлер арасында ұлттық рухты көтеру, ұлттық құндылықтарды насихаттау және әріптестік байланысты нығайту болды.

Интеллектуалды сайысқа облыстық басқармалар мен мекемелердің қызметкерлерінен құралған 6 топ қатысып, өзара білім мен тапқырлықтарын сынады.

Қатысушылар 5 кезең бойынша сынға түсті:

1. «Quiz time» – Қазақстан мен Қызылорда тарихына қатысты сұрақтарға жауап беру.

2. «Суреттер сөйлейді» – берілген суреттер арқылы жасырылған мақал-мәтелді табу.

3. «Жұмбақ әуен» – берілген әнге байланысты сұрақтарға жауап беру.

4. «Тұлғаны таны» – сурет элементтері арқылы белгілі тұлғаны анықтау.

5. «Кино time» – қазақ фильмдерінен үзінді көрсетіліп, сұрақтарға жауап беру.Сайыс барысында командалар өздерінің білімі мен тапқырлығын, ұйымшылдығы мен жылдам ойлау қабілетін көрсетті.

Сайыстың қорытындысымен жүлделі І орынды – облыстық денсаулық сақтау басқармасының “ДенSaulyk елшілері” тобы, ІІ орынды – дін істері басқармасының “РухSTARS” тобы, ІІІ орынды – экономика және қаржы басқармасының «Сыр елі-жыр елі» тобы иеленді. Ынталандыру сыйлықтарымен облыстық білім басқармасының «Bilimdibol.kz» тобы, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Мейірім» тобы, құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының «EthnoPro» тобы марапатталды. Жеңімпаздар мен қатысушыларға Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының алғыс хаттары мен сертификаттары табысталды.

Облыстық қоғамдық даму басқармасы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: