Сәрсенбі, 27 қараша, 07:26

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№94-2104
26.11.2024
PDF мұрағаты

Мемлекеттік қызметші әдепті болуға тиіс

12.03.2021

4775 0

Мемлекеттік қызметшіге өз міндеттерін табысты орындау үшін кәсіби қызметте қажетті негізгі қасиеттердің бірі әдеп болып табылады.

Сондықтан, қазіргі уақыт жағдайында мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне үлкен көңіл бөлінеді.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінде (бұдан әрі – Департамент) Әдеп жөніндегі уәкіл мына шараларға негізделген:

– мемлекеттік қызметте әдеп нормаларын ілгерілету (мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлық стандарттары);

– қолайлы моральдық-психологиялық жағдай жасау;

– Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің жағымды имиджін қалыптастыру, оның қызмет тиімділігін арттыру.

Әдеп жөніндегі уәкіл жүктелген функциялар шеңберінде жеке кеңестер, ақпараттық-түсіндіру жұмыстары бойынша іс-шаралар өткізеді, азаматтар мен мемлекеттік қызметшілерді қабылдау жүргізеді, азаматтық қоғам институттарымен, жергілікті атқарушы органдармен өзара жұмыс жасайды, әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің бос лауазымдарына орналасу үшін конкурстық комиссияның құрамына қатысады және т. б.

Мемлекеттік қызметшілер арасында Мемлекеттік қызмет туралы заңнама, Әдептілік кодекс талаптарын сақтау бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу бойынша шаралар аясында мемлекеттік қызметшілерге «Мемлекеттік қызметшінің Әдеп және мінез-құлық нормалары» талқыланып, қалта кітапшасын тапсыру рәсімі өткізілді.

Әдеп жөніндегі уәкілдің ұсынысы бойынша мемлекеттік органның оң имиджін және ұжымдағы оң ахуалды қалыптастыруға елеулі үлес қосқан 2 қызметкер алғыс хаттармен марапатталды.

Қызметтік әдеп нормаларының сақталуын, сондай-ақ ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйін мониторингтеу мақсатында 2020 жылы 3 анонимді сауалнама жүргізіп, жалпы моральдық жағдайдың қалыпты екені анықталды.

Қызметтік әдеп нормаларының сақталуын және мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін бұзушылықтардың профилактикасын қамтамасыз ету қызметін жүзеге асыру мақсатында 2020 жылы 6 құқықтық оқыту жүргізіп, жағдайаттық мысалдар негізінде мәселелер талқыланды.

Сондай-ақ өз функцияларым шегінде 8 мемлекеттік қызметші мен 2 штаттан тыс қызметкерлерге мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама мен Еңбек кодексі бойынша консультациялық көмек бердім және 5 жеке қабылдау өткіздім.

Сонымен қатар қызметшілердің әдеп кодексі талаптарының сақталуына ай сайын Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қызылорда облысы бойынша басқармасының мәліметі бойынша және әлеуметтік желілерге талдау жүргізіліп тұрады. Департамент қызметкерлерінің жұмысына не болмаса жалпы департамент жұмысына наразылықтарын айту үшін баршаға көрінетін жерге уәкілдің суретімен ол туралы толық ақпарат орналастырылды.

2020 жылы Әдеп кодексі талаптарын бұзғаны үшін мемлекеттік қызметшілер тәртіптік жазаға тартылған жоқ және олардың тарапынан қызметтік әдеп нормаларын бұзу фактілері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштері түспеді.

Г. МАХАНОВ,

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: