Дүйсенбі, 02 наурыз, 14:44

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№16 (2228)
28.02.2026
PDF мұрағаты

Мемлекеттік қызметшілерге жеке баспана бағдарламасы іске қосыла ма – Бектенов жауабы

02.03.2026

38 0

Фото: freepik.com

Премьер-министр Олжас Бектенов Мәжіліс депутаттарының мемлекеттік қызметшілер үшін бастапқы жарнасыз және төмен пайыздық мөлшерлемемен жеке тұрғын үй бағдарламасын іске қосу ұсынысына жауап берді, – деп хабарлайды KAZINFORM

-Қазіргі уақытта мемлекеттік қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі қолданыстағы тұрғын үй саясаты аясында қарастырылады. Атап айтқанда, мемлекеттік қызметшілер жеңілдетілген ипотекалық бағдарламалар, кейіннен сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың өңірлік тұрғын үй бағдарламаларын қоса алғанда тұрғын үймен қамтамасыз етудің қолданыстағы бағдарламаларына жалпы негізде қатысады. Тұрғын үйге мұқтаж ретінде есепте тұрған азаматтарға баспана берудің қолданыстағы тетіктері аясында кейіннен жекешелендіру мүмкіндігімен жалға берілетін тұрғын үй, сондай-ақ инфляция деңгейін ескере отырып жеңілдетілген мөлшерлемемен «2-10-20» және «5-10-20» бағдарламалары бойынша қарыздар қарастырылған. 2024 жылдан «Наурыз» бағдарламасы және жергілікті атқарушы органардың «Отбасы» банк» АҚ-пен бірге өңірлік бағдарламасы жүзеге асырылады, – деді Олжас Бектенов.

Үкімет басшысының атап өтуінше, «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ жергілікті атқарушы органдармен жасалатын келісімдер аясында баспанаға мұқтаж ретінде есепте тұрған азаматтарға, оның ішінде тиісті кезек тізімдеріне енгізілген мемлекеттік қызметшілерге тұрғын үй беру тетігін жүзеге асырады. Аталған тетік аясында тұрғын үй бастапқы жарнасыз жылдық 3,1 пайыз сыйақы мөлшерлемесімен 20 жылға дейінгі мерзімге кейіннен сатып алу құқығымен жалға беріледі. Мұнан бөлек, 2025 жылғы 24 мамырдан бастап соңғы 5 жыл ішінде меншігінде тұрғын үйі болмаған және Астана, Алматы немесе Шымкент қалаларының аумағында кемінде 3 жыл тұрақты тіркеуде тұрған елдің әрбір кәмелетке толған азаматы тұрғын үйге мұқтаж ретінде есепке тұруға құқылы.

-Азаматтардың төлем қабілеті сұранысын қолдау мақсатында жеңілдетілген ипотекалық бағдарламалар бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігі жергілікті атқарушы органдар бөлетін тұрғын үй сертификаты арқылы әлеуметтік көмек немесе бюджет несиесі түріндегі әлеуметтік қолдау ретінде жабылуы мүмкін. Осылайша, ипотекалық өнімдердің жеткілікті санын, сондай-ақ Мемлекет басшысының 2026 жылғы 10 ақпанда Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын ескере отырып, бюджет қаражатының шектеулілігі жағдайында мемлекеттік қызметшілер үшін бастапқы жарнасыз және төмен пайыздық мөлшерлемемен жеке тұрғын үй бағдарламасын іске қосу қолдау таппайды, – деді Олжас Бектенов.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: