Бейсенбі, 26 желтоқсан, 18:56

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Мемлекеттік қызметшінің құқығы мен міндеті қандай?

29.05.2023

1499 0

Қоғамда қатынастарда көптеген қызметтің түрлері кездесіп жатады. Олардың ішінде педогогтік, медицина, әдеби-шығармашылық, өнеркәсіптік, өндіру, қызмет көрсету секілді  бір-біріне ұқсамайтын сан мыңдаған қызмет түрлері бар.

Осы салалардың барлығында да бақылау функцияларын іске асыратын мемлекеттік құрылымдар бар. Ал олардың негізі қызметінің түрі – мемлекеттік қызмет.

Мемлекеттік қызметке басқару формасына сәйкес кәсіпкерлікпен, өндірушілікпен қызметтері сыйыспайды. Яғни мемлекеттік қызмет – мемлекеттiк қызметшiлердiң мемлекеттiк органдарда мемлекеттiк билiктiң мiндеттерi мен функцияларын iске асыруға бағытталған лауазымдық өкiлеттiктерді атқару жөнiндегi қызметi.

Ал мемлекеттік қызметші дегеніміз – мемлекеттiк органда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен республикалық немесе жергiлiктi бюджеттерден не Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қаражатынан ақы төленетiн мемлекеттiк лауазымды атқаратын және мемлекеттiң мiндеттерi мен функцияларын iске асыру мақсатында лауазымдық өкiлеттiктерді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматы.

Мемлекеттік қызметшілер айрықша статусқа ие бола отырып, өзінің құқықтары мен міндеттері айқындалған.

Мемлекеттік қызметші өзінің лауазымдық міндеттерін атқара отырып Қазақстан Республикасының Конституциясында және заңдарында кепiлдiк берiлетiн құқықтар мен бостандықтарды пайдалануға; сыбайлас жемқорлықтың алдын алған жағдайда заңнамаға сәйкес құқықтық және өзге де қорғалуға; еңбегiнiң қорғалуына, денсаулығының сақталуына, қауіпсіз және тиімді жұмыс істеу үшін қажеттi еңбек жағдайларына; әлеуметтік және құқықтық қорғалуға; өзінің лауазымдық өкiлеттiктерi шегiнде мәселелердi қарауға және олар бойынша шешiмдер қабылдауға қатысуға; жеке басының қадiр-қасиетiнiң құрметтелуiне, білім алуға; бiлiктiлiгi, құзыреттері, қабілетi, сiңiрген еңбегi және өзiнiң лауазымдық мiндеттерiн адал орындауы ескеріле отырып, мемлекеттік қызмет бабында ілгерілетілуге құқығы бар.

Ал міндеттеріне – Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңнамасын сақтауға;  азаматтар мен заңды тұлғалар құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуын және қорғалуын қамтамасыз етуге, олардың өтiнiштерiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде қарауға және олар бойынша қажеттi шаралар қабылдау; функцияларын өздерінің лауазымдық өкілеттіктеріне сәйкес жүзеге асыру; қызметтік тәртіп пен әдепті сақтау; мемлекеттiк құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны сақтау; лауазымдық өкілеттіктерін атқару кезiнде алатын, азаматтардың жеке өмiрiн, ар-намысы мен қадiр-қасиетiн қозғайтын мәлiметтердi жария етпеу; мемлекеттiк меншiктiң сақталуын қамтамасыз ету; өзіне сеніп тапсырылған мемлекеттiк меншiктi қызметтiк мақсаттарда ғана пайдалану; сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу жатады.

      Бұл құқықтар мен міндеттер 2015 жылғы 23 қарашадағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында анық көрсетілген.

         Сондай-ақ, мемлекеттік қызметшіге кәсіпкерлікпен айналысуға, қандай да бір саяси партияның, ұйымның, қоғамдық, діни бірлестіктердің мүддесін қолдап сөйлеуіне қатаң тыйым салынады.

        Мемлекеттік қызметші қызмет орналасқан сәттен бастап өзіне шектеу алады. Ол шектеулердің қатарына – сайланбалы органның мүшесі болуға, мемлекеттің тұтастығына қандай да бір зардап келетін әрекеттер жасамауға, өзіне сеніп тапсырылған мемлекеттік құпия мен мүлікті сақтау жатады.

       Сонымен қатар, мемлекеттік қызметші қызметке кіріскен сәтте ант береді.  Ант берген кезден бастап оны бұзбауға міндеттенеді.

Мемлекеттік қызметшілер қызмет атқару барысында заңдылық, Қазақстан патриотизм, ашықтық, нәтижелілік, тиімділік, әдептілік, құқық бұзушылыққа төзбеушілік қағидаттарын берік ұстануы керек.

Абылайхан САТАНОВ

Қызылорда облысының мамандандырылған

 ауданаралық экономикалық сотының жетекші маманы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: