Жұма, 03 сәуiр, 17:29

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№23 (2235)
31.03.2026
PDF мұрағаты

Мемлекеттік қызметтерді көрсету: тиімділік пен қолжетімділіктің негізі

03.04.2026

40 0

Фото: ашық дереккөзден


Қазіргі заманда мемлекеттік қызметтерді сапалы әрі жедел көрсету – мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін айқындайтын негізгі көрсеткіштердің бірі. Азаматтар мен мемлекет арасындағы өзара қарым-қатынас осы қызметтер арқылы жүзеге асатындықтан, олардың қолжетімділігі мен ашықтығы ерекше маңызға ие.


Мемлекеттік қызметтер – бұл мемлекеттік органдардың жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша көрсететін қызметтері. Олар азаматтардың құқықтарын іске асыруға, әлеуметтік қажеттіліктерін қанағаттандыруға және заңды мүдделерін қорғауға бағытталған. Негізгі қағидаттар – қолжетімділік, жеделдік, ашықтық, сапалылы және ыңғайлылық.
Соңғы жылдары мемлекеттік қызметтерді цифрландыру қарқынды түрде жүзеге асуда. Электрондық үкімет жүйесінің дамуы қызмет көрсету сапасын арттырып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетеді. Онлайн өтініш беру, нәтижесін қашықтан алу, қызмет көрсету мерзімін бақылау сияқты мүмкіндіктер халыққа үлкен қолайлылық әкелді.
Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметімен мемлекеттік қызметтердің 6 түрі көрсетіледі. Барлығы да «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызмет көрсету барысында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының және мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық актілері талаптарының сақталуы, мемлекеттік қызметтер көрсетуде заң бұзушылықтарға жол берілмеуі бақылауға алынған.
Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметі бойынша 2026 жылдың 1-тоқсан қорытындысымен халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы рұқсат құжаттарын алу үшін барлығы 289 өтініш берілген, оның 177-сі қанағаттандырылып, рұқсат құжаттары берілсе, 112 құжатқа дәлелді бас тартулар ұсынылды.
Мемлекеттік қызметті алушылардың басым көпшілігі эпидемиялық мәні жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру бойынша жүгінген. Жүргізілілген талдаулар көрсеткендей, жыл сайын мемлекеттік қызметті алушылар саны артып келеді, 2025 жылмен салысытрғанда 419 өтінішке өскен.
Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мемлекеттік қызметті алу кезінде қызметкерлер тарапынан қандай да бір кедергілер орын алған жағдайда 23-70-22 сенім телефонына хабарласуға болатындығын қызмет алушылар назарына жеткізеді.

Е. Ұзақбаев,
Қызылорда облысының СЭБД басшы орынбасары

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: