Биыл Қызылорда облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасына заңды тұлғалардан 893 өтініш түскен. Олардың дені құрылыс-монтаж жұмыстарына рұқсат алу және нысандардың пайдалануға берілуіне қатысты болған. Сәулет-құрылыс саласындағы заңнама талаптарын бұзған тұлғаларға қатысты 525 әкімшілік құқық бұзушылық туралы әкімшілік іс қозғалып, оларға тиісті айыппұл салу жазасы қолданылды. Бұл көрсеткіш өткен жылдың 11 айымен салыстырғанда 3 есе артқан. Мемлекеттік бюджет және жеке инвестициялар есебінен салынатын нысандарда құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы түскен 2522хабарламаның заңдылығы тексеріліп, оның 1455-і тізілімге енгізілсе, 1067-і заңнама талаптарына сәйкес болмағандықтан кері қайтарылды. Бұл туралы облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы басшысының орынбасары Мәди Әліп баяндады.
– Биыл 2369 объектіні пайдалануға қабылдау туралы актінің 823-не оң қорытынды берілсе, 1546 актіге теріс қорытынды берілді. Сол сияқты, 214 аккредиттелген техникалық қадағалау ұйымдарынан «Е-Qurylys» жүйесіне 3401 айлық есептері түсіп, оның 3269-ы қабылданса, 132-і ескертпемен қабылданды. Есепті мерзімде басқармамен көрсетілетін 5 түрлі мемлекеттік қызметті алуға «Е-лицензирование» порталы арқылы 1971 өтініш түсті. Биыл басқарманың бақылауымен 81 тексеру жұмыстары өтті. Атап айтқанда: «Арнау Палас»мейрамханасы бойынша құрылыс жұмыстарын тоқтатып, бұрынғы қалпына келтіруге немесе нысанды заңдастыруға нұсқама берілді. Қалған, «Қызылорда қонақ үйі», «Айзада Плаза» сауда орталығы, Талғат базарының заңсыз дүңгіршектері және Әйтеке би көшесінде орналасқан 3 қабатты сауда үйінің жобадан ауытқыған бөліктері бұздырылды. Алдағы уақытта осы бағыттағы тиісті бақылау жұмыстары өз жалғасын тауып, заңсыз салынған құрылыс нысандарына мониторинг жұмыстары тұрақты түрде жүргізіледі,- деді Мәди Раманқұлұлы.
Өңірлік Коммуникациялар Қызметі
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
