Сейсенбі, 04 қараша, 15:13

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№84, 2196
04.11.2025
PDF мұрағаты

Мемлекеттік тіл – ел болмысының өзегі

04.11.2025

64 0

Фото: Нұрболат НҰРЖАУБАЙ

Тіл – ұлттың жаны, халықтың ең қастерлі де қасиетті байлығы. Мемлекеттік тіл – елдің бірлігі мен тұтастығын қалыптастыратын басты тірек.

Тіл арқылы ұлттың рухы, тарихы, мәдениеті мен салт-дәстүрі ұрпақтан-ұрпаққа жалғасады. Сондықтан мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру – әр азаматтың борышы әрі парызы.Бүгінгі таңда қазақ тілі қоғам өмірінің барлық саласында кеңінен қолданылып келеді. Мемлекеттік органдарда іс жүргізу, сот жүйесінде құжаттар дайындау және ресми іс-шараларды өткізу кезінде мемлекеттік тілдің қолданылу аясы жыл сайын артып келеді. Бұл – тілге деген құрметтің, сонымен қатар, ел болашағына деген жауапкершіліктің көрінісі.Қазақ тілін құрметтеу – мемлекетті құрметтеу. Тілді білу – ұлтқа қызмет етудің ең тиімді жолдарының бірі. Себебі тіл арқылы біз бір-бірімізді түсінеміз, өзара байланыс орнатамыз және ортақ мақсаттарға ұмтыламыз. Елбасымыз айтқандай, «Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін» деген қағида әр азаматтың өмірлік ұстанымына айналуы қажет.Мемлекеттік тіл – елдігіміздің айғағы, ұлттық болмысымыздың негізі. Оны қорғау, дамыту және ұрпақ санасына сіңіру – баршамыздың ортақ міндетіміз. Тілге деген құрмет – елге деген құрмет, ал мемлекеттік тілдің мерейі – елдің мерейі.

Куншыгарова Алмагүл Жалғасқызы,

Қызылорда қаласының мамандандырылған тергеу соты әкімшісінің басшысы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: