Жұма, 14 қараша, 11:43

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№86, (2198)
11.11.2025
PDF мұрағаты

Мемлекеттік тіл – қазақ тілі

14.11.2025

34 0

Фото: Нұрболат НҰРЖАУБАЙ

               Мемлекеттік тіл – елдің егемендігі мен ұлттық бірегейлігінің басты нышандарының бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, қазақ тілі мемлекеттік тіл мәртебесіне ие және еліміздегі қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылуы тиіс негізгі коммуникациялық құрал болып табылады. Мемлекеттік тілдің дамуы – қоғамның саяси, әлеуметтік және мәдени өркендеуінің маңызды көрсеткіші.

             Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту, оны мемлекеттік басқару мен білім беру жүйесінде, сондай-ақ қоғамдық-іскерлік қатынастарда толыққанды пайдалану – мемлекет алдындағы стратегиялық міндеттердің бірі. Осы мақсатта тіл саясаты саласында бірқатар бағдарламалық құжаттар қабылданып, жүзеге асырылып келеді. Аталған шаралар мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыруға, оның қоғамдық өмірдегі рөлін күшейтуге бағытталған.

             Мемлекеттік тіл – ұлттың рухани және тарихи мұрасын сақтаудың құралы. Тілді дамыту арқылы біз мемлекеттің тұрақтылығы мен бірлігін нығайта отырып, ұрпақ сабақтастығын қамтамасыз етеміз. Сондықтан мемлекеттік тілді құрметтеу және қолдану – әрбір азаматтың конституциялық әрі азаматтық борышы.

              Қорыта айтқанда, мемлекеттік тілдің қоғамдық өмірдегі орны уақыт өткен сайын нығайып келеді. Қазақ тілінің толыққанды қызмет етуіне жағдай жасау – Қазақстанның тіл саясатының басым бағыты. Бұл бағыттағы жұмыстарды жүйелі жалғастыру – ұлттық мүдденің маңызды бөлігі.

А.Саденова

Қызылорда қалалық сотының бас маманы-сот отырысының хатшысы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: