Жексенбі, 22 желтоқсан, 22:19

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

«Мен бір аққу жаралы»

26.04.2022

1106 0

Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты   «Жастар» орталығында орналасқан  №19 кітапхана  «Мен бір аққу жаралы»  атты әдеби-сазды кеші өткізді. Аталған шара Сыр елінің ардақты қыздарының бірі, ақын, сазгер, мәдениет майталманы Кенже Маханбетова шығармашылығына арналды.

Табаны  жерге тиіп топырақ нәрін сезбеген,   сәби шағынан басталған тағдыр тақсыретін өлеңге қосқан, тағдырмен тайталасқан, қайсар қыздың  жүрек тебіренісінен  туындаған «Мен бір аққу жаралы»  атты кітабы оқырманға кеңінен таныс. Кенже Маханбетова 1969 жылы Қызылорда обылысы, Жалағаш ауданы, Жаңаталап ауылында қарапайым отбасында дүниеге келген.

Бүгінге дейін ол 50 шақты ән жазған. Соның бірін Н.Бекежанов  театрының әншісі Аягөз  Дүйсенқызы ақынның «Жаратқан ием жанарыңды салшы маған» әнін орындап,   кітапхананың жас оқырмандары жырларын жатқа оқыды. Сондай-ақ «Қуаныш» бала бақшасының музыканты Оразкүл   «Ақмаңдайлым»  әнін орындады.

Кеш соңында ақынға сөз кезегі беріліп бірнеше жырларын жатқа оқып, әндерін орындады. Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Гүлмира Рахметова кешті қорытындылап, ақын қызға  сыйлық табыстады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: