Сенбі, 30 қараша, 07:49

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№95-2105
30.11.2024
PDF мұрағаты

Мен ешкімді  қатыгездікпен өлтірген жоқпын – Бишімбаев

27.03.2024

932 0

Сурет: stan.kz

Астанада өткен басты сот отырысында прокурорлар Қуандық Бишімбаевқа қатысты айыптау актісін оқыды. Бишімбаев өзінің кінәсін мойындамайтынын тағы да қайталады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Сот отырысының барысында прокурордың айыптау қағазын оқуынан кейін судья Бишімбаевтан кінәсін “мойындайтынын не мойындамайтынын” сұрады. Айыпталушы өз сөзінде бұған дейін өзіне пікір білдіруге еш мүмкіндік берілмегенін атап өтті.

“Айтайын дегенім, мәртебелі сот, менің сотқа дейінгі тергеуде де, еш жерде де өз пікірімді айтуға мүмкіндігім болған жоқ. Прокурордың жаңа ғана оқып шыққанының бәрі негізінен ешқандай растауы немесе дәлелі жоқ ойдан шығарылған. Мен ешкімді аса қатыгездікпен қасақана өлтірген жоқпын”, – деді Бишімбаев.

Осыдан кейін судья екінші айыпталушы Бақытжан Байжановтан кінәсін “мойындайтынын немесе мойындамайтынын” сұрады. Ол өзінің қылмыс жасағанын “білмейтінін” айтты.

“Мен бейнені жоюды сұрағанымды мойындаймын. Сондай-ақ ол Салтанаттың телефонын үйіне апарып беруін өтіндім. Қылмыс жасадым ба білмеймін”, – дейді ол.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: