Жексенбі, 22 желтоқсан, 11:54

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

«Мен қарсы болған биліктің жартысынан көбісі жоқ». Ринат Заитов билікке қатысты ойын айтты

29.03.2023

1148 0

Парламент Мәжілісінің жаңа депутаты Ринат Заитовтан журналистер сайлаудың қалай өткенін сұрады, деп хабарлайды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

«Amanat» партиясына қатысты сайлау басталғаннан түрлі бейнежазбалар тарады. Оларды өтірік деп айта алмаймыз, жасыруға да болмайды. Оған жауапты адамдар, наразы топтар аяғына дейін табандылық танытып, тиісті орындарға арызданып, істі аяғына дейін жеткізсе екен деймін. Десе де, мен сайлауды әділ өтті деп айтар едім. «Аманат» барлық жағынан басым түсті. Оған ешкімнің дауы жоқ», – деді айтыскер әрі халық қалаулысы.

Ол өзінің өңірлерді аралап, халықпен шынайы кездесу өткізгенін алға тартты. Ешқандай жасанды шаралар ұйымдастырмаған, жұртшылықпен нақты байланыс орнатуға тырысқан.

«Сондықтан толыққанды халықтың сенімімен дауыс жинадым деп айта аламын», – деді ол.

Ринат Зайытов депутат ретінде, ең алдымен тіл мәселесін шешуге күш салатынын мәлімдеді. Сонымен қатар билікке қарсы ойы өзгермегенін айтты.

«Алайда, мынаны да ескеру керек, қазіргі таңда мен қарсы болған биліктің жартысынан көбісі жоқ. Ал қазіргі билікпен енді жұмыс істейін деп жатырмыз. Оның нәтижесі қандай болатынын өздеріңіз көретін боласызда», – деді депутат.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: