Сәрсенбі, 12 наурыз, 00:35

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№18,2131
08.03.2025
PDF мұрағаты

«Мен үшін жабайылық»: Баян Алагөзова сәлем салу дәстүрін сынады

11.03.2025

61 0

Фото: Видеодан скриншот

Танымал продюсер, актриса Баян Мақсатқызы қазақ дәстүріндегі сәлем салуды сынады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өнер иесі қазақ қыздарының сәлем салып, ел алдында иілуі дұрыс емес екенін айтты. 

“Алматыға келгенімде Шымкенттен келген қыздардың үнемі иіліп, сәлем салуы мен үшін өте жабайылық болды. Не үшін иілесің десем бұл қалыпты жағдай, солай болуы керек дейді. Бірі сыйластықтың белгісі деді. Кешіріңіздер, мен әкемді құрметтеймін. Атама деген құрметім шексіз. Үлкендерге, ер адамдарға құрметпен қараймын. Бірақ иіліп, сәлем салу деген менде атымен жоқ. Маған оны үйретпеген. Үйрете де алмайды. Бұл – менің таңдауым. Мені әжем еркін өсіріп, тәрбиелеген», – деп бастады әңгімесін продюсер. 

Сондай-ақ, Кеңес заманында ержүрек батыр қыздар тек Орал мен Ақтөбеден шыққанын айтып өтті. 

“Әжем “біздің әпкелеріміз ат үстінде жүрген” деп өсірді. Расымен, соғыс кезінде ерлік көрсеткен батыр қыздарымыздың дені Орал мен Ақтөбеден шыққан. Осы күнге дейін Шымкент пен Тараздан батыр қыздың шыққанын естідіңіз бе?! Демек, батыстың қыздары еркіндікті жақсы көреді. Дәл осы жақта туып-өскеніме қатты қуанамын», – деді Баян Мақсатқызы. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: