«Сұңқар» ӘҚО» ҚҚ-ы Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы тапсырысымен 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай, аймағымыздың жан-жақты дамуына сүбелі үлес қосып жүрген нәзік жандылардың, журналистер мен үкіметтік емес ұйымдардың, тіл жанашырлары мен жастар өкілдерінің басын қосып, мерекелік кездесу өткізді.
Іс-шара барысында азаматтық қоғамды дамытуға, мемлекет пен ұлттың мүддесін қатар ұстап, халықтың рухани кемелденуі жолындағы әйел-қайраткерлердің еңбектеріне алғыс айта келе, мерекелік марапаттар табысталып, әннен шашу шашылды.
Тәуелсіз еліміздегі бейбіт тірліктің, мызғымас бірліктің, жарқын болашаққа деген сенімнің, ізгілік пен мейірімділіктің ұйытқысы болған әйелдер қауымы өз кезегінде алғысын жеткізді.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!