Жексенбі, 22 желтоқсан, 07:31

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

«Мерейлі отбасы-2022» бірінші кезеңі аяқталды

09.07.2022

566 0

Отбасы құндылығын дәріптеу мақсатында жыл сайын өтетін «Мерейлі отбасы 2022» байқауының бірінші кезеңі аяқталды. Дәстүрге айналған шараға жыл санап қатысушылардың саны артқан. Биыл байқауға қатысуға қала бойынша 15 отбасы құжат тапсырған.

Халқымызда отбасының берекесі, іргесі­нің берік болуы – басты құндылықтың бірі. «Отан отбасынан басталады» деген жұртымыз үй болудың мән-мағынасын бір сөзбен-ақ аңғартқан. «Әке көр­ген – оқ жонар, шеше көрген – тон пішер» деп отбасындағы ата-ананың рөлін де айқындап берген. Айналамызда қарасаң көзің тоятын, жұбы жарасқан, тәрбиесімен тәнті етіп, әулет абыройын арқалап жүрген отбасылар баршылық. Оларды өзгелерге үлгі етіп, көпшілікке танытуда аталған байқаудың қосар үлесі зор.

Байқауға қатысатын отбасылардың еңбектегі, зияткерлік сала, ғылыми бағыттағы жетістігі, қоғамдық жұмыстарға белсене қатысуы, оның ішінде волонтерлық, меценаттық, қайырымдылық, тәлімгерлік санаты бойынша жетістігіне басымдық беріледі. Аталған талапқа сай деп танылған отбасылар облыстық кезеңге жолдама алады.

«Мерейлі отбасы 2022» байқауының қалалық кезеңінен 5 отбасы үздік деп танылады. Оның ішінде 3 отбасы жүлделі орын алса, 2 от­басыға арнайы «Өнегелі әулет», «Еңбекқор отбасы» номинация табысталады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: