Жексенбі, 15 наурыз, 18:09

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№19 (2231)
14.03.2026
PDF мұрағаты

«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының номинанты Қожабековтар отбасы референдумда дауыс берді

15.03.2026

57 0

Фото: Дауыс беру учаскесі

Еліміз үшін маңызды қоғамдық-саяси шара – референдум аясында «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының номинанты атанған қызылордалық Қожабековтар отбасы да өз таңдауын жасап, референдумға қатысып, дауыс берді.

«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының номинанты Қожабековтар отбасы референдумда дауыс берді
«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының номинанты Қожабековтар отбасы референдумда дауыс берді


Отбасы мүшелері референдумға қатысу – әрбір азаматтың азаматтық парызы екенін атап өтіп, елдің болашағына бейжай қарамайтындықтарын көрсетті. Олар қоғам өміріндегі маңызды шешімдерге халықтың қатысуы ел дамуы үшін аса маңызды екенін айтты.
Кожабековтар отбасы қоғамда үлгілі жанұялардың бірі ретінде танылып, ұлттық құндылықтарды дәріптеп жүрген отбасылардың қатарында. Олар бірлік пен татулықтың, отбасылық тәрбиенің маңызын айтып, тұрғындарды референдумға белсенді қатысуға шақырды.
Осындай өнегелі отбасылардың референдумға қатысуы қоғамдағы азаматтық жауапкершіліктің артып, ел болашағына деген ортақ көзқарастың қалыптасуына ықпал етеді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: