Биыл Қызылорда облысында 8-ші мәрте дәстүрлі түрде «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы өткізіледі.
Қазіргі таңда ұлттық конкурстың аудандық және қалалық деңгейдегі кезеңіне 15 маусымға дейін құжат қабылданады.
Конкурсқа отбасылар өзін-өзі ұсыну жолымен, сондай-ақ кент, ауылдық округ әкімдерінің, заңды тұлғалардың ұсынуы бойынша қатысады.
Конкурсқа қатысуға отбасы мүшелерінің еңбекте, спортта, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жетістіктері бар, сондай-ақ қоғамдық пайдалы қызметке қатысатын (волонтерлік, қайырымдылық, меценаттық, тәлімгерлік) отбасылар жіберіледі.
Қызметі Қазақстан Республикасының аумағында тыйым салынған ұйымдардың құрамына кіретін (кірген) мүшелері бар және бұрын сотталған мүшелері бар отбасылар конкурсқа қатыса алмайды.
Конкурсқа қатысуға өтініштер мен құжаттарды Жаңақорған ауданының ішкі саясат бөлімі қабылдайды.
Қатысуға ниет білдірген отбасылар үшін байланыс құралдары: жұмыс тел.: 22-2-90, жауапты маман А.Әбдірейімов 87753226532.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!