Меркіде 3 бала газдан уланып көз жұмды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Үш баланың үлкені 2-сыныпта оқыған. Қыздардың анасы бірнеше жерде жұмыс істеген.
Көршілерінің айтуынша, әйел күйеуімен ажырасып кеткен, үш баласымен жалдамалы үйде 6-7 ай тұрған.
Ол газды қосып, жұмысқа кеткен. Газ пешінің оты өшіп қалған. Кешке жұмыстан келіп, есікті ашса, балалар жатыр дейді. Келіншек жақсы, бөтен қылығын көрген емеспіз, – дейді көршісі Гүлмира.
Балаларынан айырылған әйелдің көршілері жалдап тұрған үйдің жағдайы нашар екенін бұрын да балалар көз жұмғанын айтты.
Жалпы бұл үйдің өзі нашар. Бұған дейін үй иесінің 3 және 6 жасар екі баласы көз жұмды. Үйдің өзі дұрыс болмай тұр. Осымен бұл үйде бес бала қайтыс болды, – дейді көршілері.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!