Сейсенбі, 09 желтоқсан, 17:31

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№94 (2206)
09.12.2025
PDF мұрағаты

Мезгіл мәселесі

09.12.2025

45 0

Фото: Қызылорда қаласының әкімдігі

Бүгін қала әкімі Нұржан Ахатовтың төрағалығымен жиын өтіп, онда бірқатар өзекті мәселе талқыланды. Өздеріңізге белгілі, қазіргі таңда барлық өңірлерде күн райы құбылып, табиғат тосын мінез танытуда. Салдарынан қалың тұман түсіп, көктайғақ орын алуда. Біздің аймақта да күннің суытуына байланысты шұғыл шаралар қабылдануда. Шаһар басшысы көктайғақтың алдын алу, сақтық шараларын күшейту және жол-көлік оқиғаларын болдырмау амалын жасауды қалалық полиция басқармасы мен коммуналдық мекемелердің басшыларына тапсырып, жолдарды ұдайы тазартып отыру, сондай-ақ тұрғындарға ауыз су, газ, жарықтың үздіксіз берілуіне баса назар аудару керектігін айтты.

Бүгінде қалада жол құрылысы қарқынды жүруде. Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, бұл бағыттағы жұмыстарға және құрылыстардың сапасына қатаң қадағалау жасалуда. Нұржан Сәбитұлы салаға жауапты басшыларға жол құрылыстарының мерзімінде әрі сапалы орындалуы үшін бақылау шараларын күнделікті жүргізуді жүктеді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: