Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Үкіметтегі брифингте Қазақстандағы ет нарығындағы жағдай бақылауда екенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Айтуынша, сұраныстың уақытша артуына байланысты баға сәл көтерілгенімен, кейін қайта тұрақтанған.
Бүгін таңертеңгі статистика бойынша еттің орташа бағасы 3249 теңгені құрады. Кеше қызметкерлерімді дүкендер мен базарларға жібердім. Кей жерлерде баға 3,5–3,6 мың теңге шамасында, ал премиум санаттағы ет 4,3–5 мың теңгеден сатылып жатыр. Жалпы жағдай тұрақты, әзірге осы деңгей сақталып отыр, – деді ведомство басшысы.
Сондай-ақ министр келесі жылға болжам туралы сұраққа жауап беріп, бағаның өсуіне негіз жоқ екенін айтты.
Қазір біз тірі малды экспорттамаймыз, ал ет экспорты квота арқылы реттеліп отыр. Сондықтан бағаны қазіргі деңгейде ұстап тұра аламыз деп ойлаймын, – деді Айдарбек Сапаров.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
				
					