Сенбі, 21 желтоқсан, 21:21

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Министр коронавирусқа қатысты жағдай туралы: Өсім барлық өңірде байқалады

04.08.2022

896 0

ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният ОКҚ алаңында өткен брифингте коронавирус инфекциясы бойынша елдегі эпидемиологиялық жағдай және коронавирусқа қарсы күрес шаралары туралы баяндады, – деп хабарлайды  Денсаулық сақтау министрінің баспасөз қызметі.

«Кейінгі екі аптада сырқаттанушылық 3,2 есеге өсті (10 714-тен 34 550 жағдайға дейін), өсім барлық өңірлерде байқалады. Тәулігіне КВИ+ 3000-ға жуық және КВИ- 20-ға жуық жағдайы тіркеліп жатыр», – деді ҚР Денсаулық сақтау министрлігі басшысы.

Эпидемиология жағдайды бағалау матрицасына сәйкес бүгінде сары аймақта Нұр-Сұлтан қаласы, қалған өңірлер мен Қазақстан Республикасы жасыл аймақта орналасқан. Сырқаттанудың өсуіне қарамастан, ауру жеңіл түрде өтеді, бірақ қауіпті топқа жүкті әйелдер, 60 жастан асқан адамдар, созылмалы қоса жүретін аурулары бар науқастар, коронавирусқа қарсы екпе алмағандар жатады.

Министр коронавирус жұқтырудың қазіргі сипаты науқастарда аурудың жеңіл түрде өтуімен ерекшеленетінін айтты. Осылайша, науқастардың 94 пайыздан астамы амбулатория жағдайында ем алып жатыр. Реанимация төсек-орнымен қамту – 7 пайыз, яғни 627 төсектің 43-і.

«Инфекция төсек-орнымен қамтудың ең жоғары көрсеткіші Нұр-Сұлтан қаласында 55 пайыз және Солтүстік Қазақстан облысында 59 пайыз екені байқалады. Реанимация төсек-орнымен қамтудың ең жоғары көрсеткіші Нұр-Сұлтан қаласында – 28 пайыз және Түркістан облысында – 20 пайыз. Еліміздің реанимация бөлімшелерінде коронавирус диагнозымен 43 пациент жатыр», – делінген хабарламада.

Министр коронавирус жұқтырған науқастарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге қатысты дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың жеткілікті көлемі бар екенін атап өтті. Мәселен, өңірлерде COVID-19 емдеу үшін қолданылатын 16 атау бойынша дәрілік заттардың екі айлық қоры қамтамасыз етілген.

МСАК ұйымдарында 1,3 миллиард теңгеден аса сомаға дәрілік заттар қоры бар. Жыл басынан бері медициналық ұйымдарға 6 миллиард теңгеден аса сомаға дәрілік заттар жөнелтілді, бұл жылдық көлемнің – 70 пайызы.

Денсаулық сақтау министрлігінің дерегі бойынша, қазір коронавирусқа қарсы вакцинациямен ересек халықтың 80 пайыздан аса немесе елдің барлық халқының 56 пайыздан аса қамтылған. Республикада ревакцинация жалғасып жатыр, бүгінде ревакцинацияны 5,0 миллионнан аса адам алған, бұл тиісті контингенттің 68 пайызы. Тәулігіне 14 мыңнан аса адам егіледі.

Қазіргі уақытта Қазақстанда халықты вакцинациялау және ревакцинациялау үшін вакцинаның 3 түрі: QazVac, Sinofarm және Pfizer қолжетімді. Егу пункттерінде Sinofarm вакцинасының 1,1 миллион дозасы, QazVac вакцинасының 85 мың дозасы және Pfizer вакцинасының 29 мың дозасы бар.

Вакцинаны тұтыну қарқынын ескере отырып, иммундық-профилактиканы қамтамасыз ету үшін биылдың аяғына дейін 500 мың доза көлемінде QazVac вакцинасын және 300 мың доза көлемінде Pfizer вакцинасын қосымша сатып алу жоспарланып жатыр.

«КВИ-ға қарсы вакцинация және ревакцинация әлі күнге дейін инфекциядан жалғыз қорғаныс саналады. Ауырғандардың 80 пайызы егілмеген адамдар немесе 6 ай бұрын егілген адамдар екені анықталды, бұл тағы да КВИ-ға қарсы вакцинация қажет екенін растайды» -, деп түйіндеді министр.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: