Бейсенбі, 28 қараша, 06:35

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№94-2104
26.11.2024
PDF мұрағаты

Министр шетелдіктерге берілген жердің көлемін жариялады

07.04.2021

2330 0

Бірлескен кәсіпорындар мен шетелдіктерге берілген жердің жалға алу мерзімі 2025 жылға дейін аяқталады, деді Омаров. Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров шетелдіктерге берілген жерлер туралы айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

«Бүгінде мораторийге дейін берілген жерлер бар. Атап айтқанда, 74,4 мың гектар ауыл шаруашылығы жерлері 7 біріккен кәсіпорынның үлесінде. Үлесінде болғанда соларға жалға берілген. Одан басқа екі шетелдік заңды тұлға 18,5 мың гектар жерді жалға алып отыр», – деді Омаров мәжілістің жалпы отырысында.

Министрдің айтуынша, бірлескен кәсіпорындар мен шетелдіктерге берілген жерлердің жалға алу мерзімі алдағы төрт жылда аяқталады.

«Олардың жалға алу мерзімі 2022-ден 2025 жылға дейінгі аралықты қамтиды. Осы уақыт өткеннен кейін бұл жерлердің бәрі үкіметке қайтарылатын болады», – деп атап көрсетті Омаров.
Айта кетейік, президенттің тапсырмасы бойынша арнайы заң жобасы мәжілістің қарауына енгізілді. Оған сәйкес, ауыл шаруашылығы жерлері шетелдіктерге сатылмайды және жалға берілмейді. Құжатта осы санатқа кіретін азаматтар да көрсетілген. Олар:

шетелдіктер;
азаматтығы жоқ адамдар;
шетелдік заңды тұлғалардың, шетелдік қатысуы бар Қазақстан Республикасы заңды тұлғалары;
халықаралық ұйымдар;
халықаралық қатысуы бар ғылыми орталықтар.
Бұдан бөлек, қандастар азаматтық алғанша ауыл шаруашылығы жерлерін жалға ала алмайды.

Жер туралы заңның атышулы баптарына қатысты жарияланған мораторийдің мерзімі 2021 жылдың желтоқсанында аяқталады. Бүгін мәжіліс депутаттары заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: