Ауыл шаруашылығы министрі белгілі бір мезімге балық және басқа да су жануарларын аулауға тыйым салатын бұйрық жариялады. Және оларды аулауға тыйым салатын орындар тізімін жариялады, – деп хабарлайды kursiv.media
Шектеулер мен тыйымдар мына бассейндер бойынша енгізілді:
- Арал-Сырдария бассейні
- Балқаш-Алакөл бассейні
- Зайсан-Ертіс бассейні
- Есіл бассейні
- Нұра-Сарысу бассейні
- Тобыл-Торғай бассейні
- Жайық-Каспий бассейні және Қиғаш өзені
- Шу-Талас бассейні
Наурыз-маусым аралығы балықтардың уылдырық шашу кезеңімен сәйкес келгендіктен үш айға дейін шектеу қойылған. Кей орында шектеу мерзімі шілдеге дейін ұзартылды.
Балқаш–Алакөл бассейні
- Балқаш көлінің батыс бөлігі – 15 сәуір – 1 маусым
- Балқаш көлінің шығыс бөлігі – 25 сәуір – 10 маусым
- Қаратал, Ақсу, Лепсі, Аягөз өзендері – 15 сәуір – 1 маусым
- Қапшағай су қоймасы – 5 сәуір – 20 мамыр
- Алакөл, Сасықкөл, Қошқаркөл көлдері – 15 сәуір – 1 маусым
- Іле өзені (Қапшағай ГЭС – 6-балық пункті) – 5 сәуір – 5 маусым
- Іле өзенінің дельтасы – 15 сәуір – 1 маусым
- Іле өзені (Шарыннан Қытай шекарасына дейін) – 25 наурыз – 5 шілде
Жыл бойы тыйым салынған учаскелер:
- Іле өзенінің кейбір бөліктері
- Іле дельтасы
- Жалаңашкөл
- Қаратал, Ақсу, Лепсі, Аягөз өзендерінің кейбір учаскелері
Арал–Сырдария бассейні:
- Шардара су қоймасы – 21 мамыр – 31 наурыз
- Түркістан облысы су айдындары – 1 маусым – 14 сәуір
- Сырдария өзені (төменгі ағыс) – 31 мамыр – 31 наурыз
- Кіші Арал теңізі – 11 маусым – 30 сәуір
- Қызылорда облысы су айдындары – 11 маусым – 19 сәуір
- Үлкен Арал теңізі (артемия жинау) – 1 тамыз – 31 наурыз
- Сарышығанақ және Бутаков шығанақтары – 11 маусым – мұз ерігенге дейін
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
