Сәрсенбі, 04 желтоқсан, 13:27

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№96-2106
03.12.2024
PDF мұрағаты

Мира Қазбекова: Құрмет көрсету азаматтық борышымыз

16.02.2022

1347 0

Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 33 жыл толуына орай «Ерлікке, елдікке тағзым» атты салтанатты шара ұйымдастырылды.

Шараға ардагерлер, зиялы қауым өкілдері, үкіметтік емес ұйым мүшелері мен жастар ұйымының белсенділері қатысты.

Шарада батырлық пен қайсарлықтың үлгісін көрсетіп, қаһармандық танытқан, өздерінің Отан алдындағы парызына адал болған Ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсетілді.

«Осыдан 33 жыл бұрын Кеңес әскері 15 ақпан күні майдан даласын тастап, туған жерге ат басын бұрды. Сондықтан жыл сайын Ауған жерінде интернационалдық борыштарын өтеу барысында қаза тапқан жауынгерлерді еске алу күні ретінде аталып өтіледі. Он жылға созылған Ауғанстан соғысына елімізден 22 мың сарбаз қатысып, оның 942-не туған жердің топырағы бұйырмады. Мұнан бөлек, 19 азамат майдан даласында хабар ошарсыз кетті. Қызылорда облысынан 827 азамат қатысып, оның 18-і Ауған жерінде уылжыған жас шағында ажал құшты. Бұл қасіретті еш біріміздің басымызға қайта бермесін. Бүгін сол сұрапыл жылдардың куәсі, батыр да батыл ағаларымыз ортамызда. Сіздерге құрмет көрсету біз үшін азаматтық борышымыз, перзенттік парызымыз деп білеміз», – деді облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Мира Қазбекова.

Мұнан соң, ерлігі үлгі болған «Ауғанстан соғысының ардагерлері ұйымы» қоғамдық бірлестігінің бірнеше азаматына облыс әкімінің марапаты табысталды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: