Сенбі, 15 қараша, 23:25

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№87, (2199)
15.11.2025
PDF мұрағаты

Мобильді аударым: Кімнің шоты тексеріледі?

15.11.2025

51 0

Фото: BAQ.KZ коллажы

Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті мәлімдегендей, бұл тетік жасырын кәсіпкерлік қызметті анықтап, көлеңкелі айналымды азайтуға бағытталған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Комитет өкілдері атап өткендей, қазіргі таңда көптеген кәсіпкерлер тауар мен қызметке төлемді жеке мақсатқа арналған шоттар арқылы мобильді аударым ретінде қабылдап келген. Бұл – заңнамаға қайшы әрекет.

Қарапайым азаматтарға қатысы жоқ

Мемлекеттік кірістер комитеті мобильді аударымдарға бақылау енгізу қарапайым адамдардың күнделікті қаржылық операцияларына әсер етпейтінін ерекше атап өтті. Тұрғындар бұрынғыдай достарына, жақындарына, ата-анасына немесе балаларына еркін түрде ақша жібере алады.

Кім қандай жағдайда бақылауға түседі?

Мобильді аударымдарды бақылау үшін нақты критерий белгіленген:

  • егер бір жеке тұлға үш ай қатарынан ай сайын 100 немесе одан да көп әртүрлі адамнан ақша қабылдаса, оның шоты салық органдарының назарына түседі;
  • бұл жерде маңыздысы — аударым саны емес, аударым жасаған адамдардың саны. Мысалы, бір адам бірнеше рет ақша аударса да, ол бір ғана тұлға ретінде есептеледі.

Деректер қалай беріледі?

Өлшемшарттан асқан жағдайда азамат туралы мәліметтерді екінші деңгейлі банктер мемлекеттік кірістер органдарына жолдайды.

Кейін МКК камералдық бақылау жүргізіп, қажет болған жағдайда азаматқа бұзушылықты жою туралы хабарлама жібереді.

Азамат қандай әрекет жасауы тиіс?

  1. Егер азамат жеке кәсіпкер ретінде тіркелген болса, сол кезеңге арналған салық есептілігін тапсырады.
  2. Егер тіркелмеген болса, жеке кәсіпкер ретінде есепке тұрып, кірісін 270.00 декларациясында көрсетеді, сондай-ақ 10% жеке табыс салығын төлейді.

Егер азамат хабарламамен келіспесе, мысалы, түсетін ақша тек туыс, дос немесе жақын адамдардан болса, түсініктеме беруге толық құқығы бар.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: