Аймақ басшысының тапсырмасына сәйкес құрылған жұмысшы топ қала аумағында заңсыз пайдаланылып жатқан жерлерді анықтау және олардың алдын алу бағытында мониторингтік жұмыстарды жалғастыруда.
Бүгінгі аралауда А.Пушкин көшесінің бойында жаяу жүргіншілердің қозғалысына кедергі келтіріп, жабайы саудамен айналысушыларға ескерту жасалып, ескерту хабарламалары таратылды.
Көше бойында рұқсатсыз (жабайы) сауда жасау Қазақстан Республикасының Заңнамасына қайшы әрекет болып табылады және ол үшін әкімшілік жаза көзделген.
Қала тұрғындары мен кәсіпкерлер заң талаптарын сақтап, сауда-саттықты тек арнайы белгіленген орындарда жүргізуі қажет.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!