Жексенбі, 29 наурыз, 17:20

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№22 (2234)
28.03.2026
PDF мұрағаты

Мораторий аяқталады: 1 сәуірден бастап коммуналдық қызмет бағасы қымбаттай ма

29.03.2026

52 0

Фото: Shutterstock

1 сәуірден бастап Қазақстандағы коммуналдық қызмет ұйымдарына тарифтерді заңды түрде көтеруге рұқсат беріледі, – деп хабарлайды  kursiv.media

Айта кетейік, 2025 жылдың қазанында коммуналдық тарифтерді көтеруге мораторий жарияланған болатын. Аталған шектеу 1 сәуірде күшін жояды.

Табиғи монополияларды реттеу комитетінде дөңгелек үстел жиынында тарифтердің қалай өзгеретіні, қайда және қаншаға көтерілетіні жайлы талқылады.

Енді коммуналдық қызмет көрсетушілер су, электр, жылу және басқа қызметтер бойынша тарифтерді көтере алады. Десе де, билік өкілдері тарифтерді бірден қымбаттамайтынын, ол кезең-кезеңімен көтеріледі деп уәде беруде.

Коммуналдық қызметтерге мыналар кіреді:

  • жылумен қамту – ыстық су, орталық жылыту;
  • электрмен қамту;
  • сумен қамтамасыз ету – суық су;
  • кәріз жүйесі;
  • газбен қамтамасыз ету;
  • қоқыс шығару қызметі;
  • лифт қызметі.

Тарифтер қай уақытта қымбаттайды

1 сәуірден кейін барлық коммуналдық қызмет тарифі бірден өспейді. Ең алдымен, компаниялар табиғи монополияларды реттеу департаментіне өтінімдер беруге тиіс, ал оларды қарауға уақыт қажет.

Табиғи монополияларды реттеу комитетінің болжамынша, алғашқы өтінімдер сәуір айында түсуі мүмкін.

Егер жеткізушілер «Инвестицияға қарсы тариф» бағдарламасы бойынша өтінімдерін жедел ұсынса, тарифтердегі алғашқы өзгерістерді маусым айына қарай күтуге болады. Мұндай жағдайда қарау мерзімі – 40 күн, ал әдеттегі тәртіпте – 90 күн.

Қай аймақтарда тарифтер бірінші көтеріледі

Ең алдымен, желілері нашар жағдайда тұрған жерде, яғни жабдықтары ескірген, жиі ақаулар болатын, техникалық құралдары ескірген аймақтарда тарифтер көтерілуі мүмкін.

Мұндай аймақтар – Қазақстанның Солтүстік, Шығыс және Батыс өңірлері, сонымен қатар Ақмола облысы, мұнда да қордаланған мәселе көп.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: