Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Мәжіліс кулуарында мораторий күші жойылған жағдайда бензин бағасы қалай өзгеретінін айтты, – деп хабарлайды kursiv.media
Министр бензин бағасының өсуі «ерік-жігерлік шешім» арқылы, яғни мораторий енгізу жолымен тоқтатылғанын еске салды.
«Егер 31 наурыздан кейін Үкімет жанармай құю бекеттерінің қызметіне араласпау туралы шешім қабылдап, нарықтық тетіктер жұмыс істейтін болса, онда баға қалыптастырудың одан арғы шарттарын ішкі сұраныс пен ішкі ұсыныс айқындайды. Біз жанармай бағасының күрт өсуіне жол бермейміз. Бұл шаралардың барлығы еліміздің қазіргі экономикалық жағдайына сай болады», – деді Ақкенженов.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
