Дүйсенбі, 23 маусым, 15:44

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№45,2158
21.06.2025
PDF мұрағаты

Моторлы ұшақ апатқа ұшырады

23.06.2025

67 0

Сурет: incrussia.ru

Астанадан небәрі 13 шақырым жерде орналасқан Жоламан аэродромы маңында 22 маусым күні жеңіл моторлы ұшақ апатқа ұшырап, екі адамның өмірі қиылды, деп хабарлайды Anyqtime.kz.

Көлік министрлігінің алдын ала мәліметіне сәйкес, TL-2000 маркалы әуе кемесі оқу-жаттығу ұшуын орындау кезінде апатқа ұшыраған. Жеке тұлғаға тиесілі болған бұл ұшақтың бортында болған екі экипаж мүшесі оқиға орнында мерт болды.

Қазіргі таңда апаттың нақты себебін анықтау үшін арнайы комиссия құрылып, көліктегі апаттарды тергеу департаментінің мамандары оқиға орнына жіберілді.

Айта кетейік, апат болған Жоламан аэродромы Ақмола облысының Шортанды ауданы аумағында орналасқан.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: