Бейсенбі, 22 қаңтар, 17:41

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№5 (2217)
21.01.2026
PDF мұрағаты

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру: жұмыс берушілерге қандай жеңілдіктер бар

22.01.2026

60 0

Фото: freepik

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мамандары «Халық бухгалтері» акциясы аясында 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін жаңа Салық кодексіне байланысты қазақстандықтарды алаңдатқан ең өзекті сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жаңа Салық кодексі мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа алуға заңды тұлғаларды қалай ынталандырады?

Мүгедектігі бар адамдарды жұмыспен қамтуды ынталандыратын нормалар қолданыстағы Салық кодексінде де көзделген.

Алайда жаңа Салық кодексінде салықтық жеңілдіктерді қолданудың шарттары мен тәсілдері өзгертілді.

Корпоративтік табыс салығы (КТС) бойынша

Мүгедектігі бар адамдардың ұйымдары КТС сомасын төмендете алады:

  • 50%-ға, егер мүгедектігі бар қызметкерлер саны 3-тен 10 адамға дейін болса;
  • 100%-ға, егер мүгедектігі бар қызметкерлер саны 10 адамнан асса.

Бұл жеңілдіктерді қолдану үшін қосымша талаптар қойылады:

– штаттағы мүгедектігі бар қызметкерлердің орташа жылдық үлесі кемінде 51% болуы;

– мүгедектігі бар қызметкерлердің жалақы шығындары еңбек ақы қорының (ЕАҚ) кемінде 51%-ын құрауы;

– ұйым табысының 90%-ы мүгедектігі бар қызметкерлердің қатысуымен алынуы;

– мүгедектігі бар қызметкерлер басқа мүгедектер ұйымдарымен еңбек қатынасында болмауы тиіс.

  • Салық төлеушілер мүгедектігі бар адамдардың еңбекақысы бойынша шығындарды екі еселенген мөлшерде, сондай-ақ олардың жалақысынан төленетін әлеуметтік салықтың 50%-ын салық салынатын табыстан шегере алады;
  • Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері кәсіби оқытуға жұмсалған шығындарды, соның ішінде қызметкер мүгедектігі бар адам болса да, салық салынатын табыстан азайтуға құқылы.

Қосылған құн салығы (ҚҚС) бойынша

Тауарларды сату, жұмыстарды орындау және қызметтер көрсету бойынша айналымдар ҚҚС-тан босатылады, егер бір мезгілде келесі талаптар орындалса:

  • сату жүргізілген салық кезеңінде және оған дейінгі төрт салық кезеңі бойы мүгедектігі бар қызметкерлердің орташа саны жалпы қызметкерлердің кемінде 51%-ын құраса; мүгедектігі бар қызметкерлердің жалақысына жұмсалатын шығындар ЕАҚ-тың кемінде 51%-ы болса;
  • мүгедектігі бар қызметкерлер саны кемінде 10 адам болса;
  • тауар өндіру, қызмет көрсету және жұмыстарды орындау мүгедектігі бар қызметкерлердің тікелей қатысуымен жүзеге асса.

Әлеуметтік салық бойынша

Әлеуметтік кодекске сәйкес, мүгедектігі бар адамдардың мамандандырылған ұйымдары әлеуметтік салық төлеушілер болып саналмайды.

Көлік салығы бойынша

Мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бірлестіктері қозғалтқыш көлемі 3000 текше сантиметрден аспайтын бір жеңіл автокөлікке, бір автобусқа – көлік салығын төлеуден босатылады.

Жер салығы бойынша

Әлеуметтік кодекске сәйкес, мүгедектігі бар адамдардың мамандандырылған ұйымдары жер салығын есептеу кезінде 0 коэффициентін қолданады (яғни, салық төлемейді).

Мүлік салығы бойынша

Мүгедектігі бар адамдардың мамандандырылған ұйымдары мүлік салығын салық базасына 0,1% мөлшерлеме бойынша есептейді.

Салық төлеушінің тәуекел деңгейі қалай анықталады?

Жаңа Салық кодексінде мемлекеттік кірістер органдары салықтық әкімшілендіру барысында тәуекелдерді басқару жүйесін (ТБЖ) қолдану тәсілін өзгертті.

Енді салық төлеушілер тәуекел деңгейі бойынша санаттарға бөлінбейді. Оның орнына мемлекеттік кірістер органдары салық түрлері бойынша, салалар бойынша, өңірлер бойынша, салық төлеушілер топтары бойынша салықтық тәуекелдерді талдап, анықтайтын болады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: