Сейсенбі, 02 желтоқсан, 12:13

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
92, (2204)
02.12.2025
PDF мұрағаты

Мүгедектік белгілеудің жаңа моделі қандай болады?

02.12.2025

42 0

Фото: BAQ.KZ коллажы

Қазақстанда мүгедектік тобын белгілеу рәсімін жеңілдетуге бағытталған маңызды реформа – медициналық-әлеуметтік сараптаманы сырттай жүргізу форматы өз тиімділігін көрсете бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Еңбек және халықты әлеуметтік қолдау министрлігінің мәліметінше 2025 жылдың басынан бастап іске қосылған пилоттық жоба аясында еліміздің барлық өңірлерінен 99,6 мыңнан астам өтінім қаралған. Бұл – азаматтардың қатысуынсыз, құжат жүзіндегі қиындықты азайтуға бағытталған жүйенің кең ауқымда жұмыс істей бастағанының айқын көрінісі.

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің VI отырысында Мемлекет басшысы ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін мемлекеттік қызметтердің барынша қолайлы әрі ашық болуы қажеттігін нақты тапсырған еді. Оның ішінде қағазбастылықты азайту, көрсетілетін қызметті берушілер мен қызмет алушылар арасындағы байланысты қысқарту, сондай-ақ адам факторына тәуелділікті төмендету мәселелері ерекше атап өтілді.

Осы тапсырмаға сәйкес, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Денсаулық сақтау және Цифрлық даму министрліктерімен бірлесіп елдің 20 өңірінің барлығында пилоттық режимде сырттай МӘС форматтын іске асырып келеді.

Пилоттың ауқымы: көрсеткіштер өсіп келеді

Министрлік мәліметінше, сырттай куәландыру форматы 30 нозологиялық нысан бойынша жүзеге асырылады. Жаңа тәсіл әсіресе шалғай аймақтардағы және қозғалысы шектеулі азаматтар үшін маңызды қадам болды. Айта кетсек, 2024 жылы да бұл бағыт айтарлықтай қарқын алған еді. Ол кезде 96,9 мың өтінім сырттай қаралып, бұл МӘС-тен өткен барлық азаматтардың 37,4%-ын құрады. 2025 жылы бұл көрсеткіштің айтарлықтай артуы реформаның қоғамда сұранысқа ие екенін көрсетеді.

Жүйе қалай жұмыс істейді?

Жаңа форматтың басты ерекшелігі- азаматтың процестерге барынша аз қатысуы. Мүгедектік тобын анықтау үшін өтініш берушіден тек бір ғана әрекет талап етіледі.

Ол тұрғылықты жеріндегі емханаға барып медициналық тексеруден өту. Одан кейінгі барлық қадам ақпараттық жүйелер арасындағы интеграция, мәлімет жинау, сараптамалық қорытынды жасау бәрі адамның қатысуынсыз автоматтандырылған түрде жүзеге асады. 

Қандай нәтижеге қол жеткізе аламыз?

Біріншіден, әкімшілік және бюрократиялық кедергілер азаяды. Процестің ашықтығы артады, себебі шешім ақпараттық жүйелерге сүйеніп қабылданады. Сондай-ақ, өрсетілетін қызметті үйден шықпай-ақ алуға мүмкіндік береді. Қызмет алушы мен қызмет көрсетушінің тікелей байланысын болдырмай, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетеді.

Жоба толық көлемде іске қосылған жағдайда әлеуметтік жүйенің тиімділігі артып, азаматтардың уақыт және қаражат шығыны қысқартуға мүмкіндік береді.
Қазақстанда мүгедектік белгілейтін МӘС жүйесінің өзгеруі- азаматтарға бағытталған маңызды әлеуметтік реформа. 

Министрлік, пилоттық жоба алғашқы айларда-ақ жоғары сұранысқа ие болып, тиімділігін көрсеткенін айтады. Әрі қарай цифрландырудың кеңеюі мен процесті толық автоматтандыру бұл саланы жаңа деңгейге шығарып, ерекше қажеттіліктері бар тұрғындар үшін қолжетімділік пен әділдікті қамтамасыз ететіні анық.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: