Теңгерімді инфрақұрылымдық саясат қажет. Бұл туралы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі кеңесте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат .
«Проблемалардың тағы бірі – бұл қалалардың абаттандырылуы. Бұл мәселемен барлық деңгейдегі әкімдер айналысуы тиіс. Өңірлердің даму деңгейін әлеуметтік-экономикалық факторлармен қатар ғимараттардың сыртқы келбеті, олардың санитарлық нормаларға сәйкестігі, аумақтың көгалдандырылуы, қоғамдық кеңістіктің жай-күйі, балаларға арналған спорттық алаңдардың болуы және басқа да мәселермен айқындалатындығы белгілі», – деді Президент.
Мемлекет басшысы қоғамда тұрғын үй қорын тиімді басқару мәселесі де өте белсенді талқыға түсетіндігіне баса назар аудартты.
«Мүлік иелері бірлестігі институтын енгізуге бағытталған реформа соңына дейін жеткізілген жоқ. Бұған қоса, мүлік иелері бірлестіктерімен қатар пәтер иелері копперативтерді де әлі жұмыс істеп тұр. Біз осы Мүлік иелері бірлестігі реформасында қатты қателікке ұрынған сияқтымыз. Қазіргі уақытта мұны үнемі кім ұсынғанын айту кеш. Бірақ, қазір Үкімет әкімдермен бірге осы жағдайдан шығу жолын табуы тиіс. Өйткені, жағдай барынша күрделі. Мұндай жағдайдағы басты міндет – адамдарды сапалы әрі ашық қызметтермен қамтамасыз ету міндеті орындалмауда. Бұған қоса, аталған реформа жергілікті өзін өзі басқару жүйесінде бірінші сатыны құруды көздеген еді. Сондықтан осынау міндетті лайықты назардан тыс қалдыруға болмайды. Жалпы, теңгерімді инфрақұрылымдық саясат қажет», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!