Бейсенбі, 26 желтоқсан, 23:04

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Мүліктің меншік иелері бірлестіктерін құру мәселелері қаралды

26.02.2022

1074 0

Еліміздің барлық аймақтарында тұрғындар пәтер иелері кооперативтерінің жұмысына қатысты сыни көзқарас танытады. Көпқабатты тұрғын үйлерді күтіп ұстау жұмыстарына ықпал етіп, кондоминиум нысандарын басқару процесін реттеу мақсатында мемлекет басшысы биыл мүліктің меншік иелері бірлестіктері мен жай серіктестіктерді құру бойынша тапсырма берді. Әлеумет үшін өзекті жұмыстарды пысықтау мақсатында бүгін облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова мүліктің меншік иелері бірлестігі институтын енгізу бойынша селекторлық жиын өткізді.

Отырысқа аппарат басшысы Ерлан Райғаниев, қала әкімі Ғанибек Қазантаев, салалық басқарма мен департамент басшылары және онлайн режимде аудан әкімдері қатысты.

Жиын барысында энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Ерлан Жаңабаев мүліктің меншік иелері бірлестіктерін құру ісінде республика бойынша өңір жұмыс қарқыны көрсеткіші бойынша алғашқылардың бірі болғанымен, әлі де жұмысты жандандыруды қажет ететінін алға тартты. Сондай-ақ, аудандар бойынша салыстырмалы талдау жасап өтті. Мәселен, Қазалы, Сырдария ауданында жұмысы әлсіз жүргізілсе, қалған аудандарда жұмыс мүлдем төмен.

Сондай-ақ, Ерлан Жаңабаев белгіленген кесте бойынша 1 шілдеден бастап барлық бірлестіктер жұмысын бастап кетуі керектігін алға тартып, жұмысты жеделдету туралы ұсынысын ортаға салды.

Жиын барысында қала және аудан әкімдері атқарылған жұмыс барысын баяндады. Өңірде барлығы 1222 көпқабатты тұрғын үй бар, оның ішінде жүйесімен құрылуы қажет 914 көпқабатты тұрғын үйдің бүгінгі таңда, 909-ы құрылды бұл жалпы жоспардың 99,5% құрайды. Оның ішінде, Қызылорда қаласында – 575 үй, Арал ауданы- 42, Қазалы ауданы – 106, Қармақшы ауданы- 56, Жалағаш ауданы- 21, Сырдария ауданы- 29 , Шиелі ауданы – 69, Жаңақорған ауданы – 16 көпқабатты тұрғын үй қамтылды. Қалған 308 көп пәтерлі тұрғын үйге коммуналдық меншікте болуына байланысты басқару ұйымдары талап етілмейді.

Қазіргі таңда кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау үшін ағымдағы және жинақ шоттарын ашу, көп қабатты тұрғын үй шығыстарының ең төменгі мөлшерін бекіту, коммуналдық қызмет көрсету ережесін енгізу жұмыстары жүруде.

Көпқабатты тұрғын үйлерді басқару реформасын енгізу бағытында жұмысты саралаған аймақ басшысы 2022 жылдың 1 шілдесінен бастап құрылған меншік иелері бірлестіктері мен жәй серіктестіктер кедергісіз жұмысын бастауы тиістігін ескертіп, Ерлан Жаңабаевқа әкімдермен бірлесіп, тиісті жұмыстар жүргізілуіне ай сайын мониторинг жасауды тапсырды. Сондай-ақ, «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ мен облыстық әділет және статистика департаменттеріне құжаттарды тез арада рәсімдеуге ықпал ету бойынша тапсырма берді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: