Бейсенбі, 23 қазан, 14:27

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№80, 2192
21.10.2025
PDF мұрағаты

Мұғалім оқушыны ұрған

23.10.2025

192 0

Фото: Ақжайық

Атыраудағы Зинолла Қабдолов атындағы №40 орта мектепте мұғалім сабақ үстінде балаға қол көтерген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі АқЖайық басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Оқиғадан кейін баланы дәрігерлер тексерді.

Оқушының анасы Әйгерім Болатқалидің айтуынша, 6 «Д» сыныбында оқитын ұлы Айбат Әли құлағы ауырғанына шағымданып, кезекші мұғалім Әсет Әнуарбекұлы ұрғанын мойындапты. Оның айтуынша, мұғалім сынақ кезінде сыныпқа кіріп, көршісіне бет бұрған баланың бетінен салып қалған.

«Баламның құлағы қызарып, бірнеше сағат ауырды. Кейін мұғалім бала тыныш отырмағасын «жай шапалақпен” ұрғанын айтты», – деді анасы.

Дәрігерлер баланың денесінен көгерген жерді анықтады. Полицияға ата-анасы хабарласып, Қылмыстық кодекстің 140-бабы: «Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамай, қатыгездік көрсету» бойынша шағым түсірген.

«Мұғалім үлкен кісі екен, ұрған соң бала шошып, басын бұра алмай қалды. Егер мұғалім эмоциясын ұстай алмаса, психолог керек», – дейді Әйгерім Болатқали.

Қалалық білім бөлімі әзірге түсініктеме бермеді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: