Сейсенбі, 13 мамыр, 02:47

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34,2147
10.05.2025
PDF мұрағаты

Мұғалімді бопсалаған блогер ұсталды

21.04.2025

417 0

Фото: видеодан скриншот

Мұғалімді бопсалаған шымкенттік блогер ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қалалық білім басқармасының хабарлауынша, қаладағы мектептердің бірінің өкілі полицияға арыз жазған. Арыз бойынша полиция департаментінің қызметкерлері ірі көлемде ақша бопсалаған күдікті азамат С.-ны ұстады.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, күдікті өзінің медиа танымалдылығын пайдаланып, жағымсыз ақпаратты жариялаймын деп қорқытып, 1,2 миллион теңге талап еткен, – делінген хабарламада.

Осы жайт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Полиция қандай да бір қысым көрсету, қорқыту және бопсалау әрекеттері қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді. Полицейлер азаматтарды мұндай жағдайда бірден құқық қорғау органдарына жүгінуге шақырды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: