Сенбі, 23 қараша, 13:50

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

Мұхтар Әблязов Франциядан кетуге міндеттелді – БТА Банк жағдайға түсініктеме берді

07.07.2023

495 0

БТА Банк Мұхтар Әблязовтың Франциядан кетуге міндеттелгені туралы хабарламаға түсініктеме берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

БТА Банк Мұхтар Әблязовтың баспана құқығы жөніндегі Ұлттық соттың босқын мәртебесінен айыру туралы шешім қабылдауы салдарынан оны Франция аумағынан 30 күн мерзімде кетуге міндеттейтін құжатты алды.

«Соған қарамастан бұл нұсқаманы орындау мүмкін емес, өйткені тергеу судьясы Әблязовқа қатысты оған елден кетуге тыйым салатын сот бақылауы шарасын қабылдады», – деп атап өтті банкте.

23 мамырда Францияның кассациялық соты Әблязовқа қатысты қылмыстық істе қудалау мерзімі аяқталмады деп шешті.

«Осы шешімнің нәтижесінде іс тергеу судьясына Әблязовтың БТА Банкке қатысты жасаған алаяқтық және ақша қаражатын жымқыру фактілері бойынша тергеуді жалғастыру үшін қайтарылды. Осылайша, Әблязов Францияда әлі де тергеуде және бұл елден кетуге құқығы жоқ», – деп түсіндірді компания.

БТА Банк әділ сот төрелігіне қол жеткізу үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды.

Осыған дейін Мұхтар Әблязов 30 күн ішінде Франциядан кетуге міндеттелгені хабарланды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: