Сәрсенбі, 17 желтоқсан, 12:05

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№96 (2208)
16.12.2025
PDF мұрағаты

Мұнайдың өткір иісі жұртты алаңдатты – тұрғындар дабыл қағуда

17.12.2025

37 0

Фото: Zakon.kz/ Павел Михеев

Ақтауда экология департаментінің мамандары жағымсыз иістің көзін іздеуде, деп хабарлайды Zakon.kz.

2025 жылғы 15 желтоқсанда сағат 23:00 шамасында қаланы жағымсыз иіс басқанын жазған болатын. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, ауада мұнай өнімдерінің иісі сезілген.

Осыған орай, 16 желтоқсанда Маңғыстау облысы бойынша экология департаменті мен Маңғыстау облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы бірлесіп қала аумағынан және қала маңындағы елді-мекендерден атмосфералық ауаға мониторинг жұмыстарын жүргізді.

Ведомство алынған сынама нәтижелері бойынша атмосфералық ауада шекті рауалды концентрациядан (ШРК) артулар байқалмағанын атап өтті. Мониторинг жұмыстары жалғасуда.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: