Сейсенбі, 24 желтоқсан, 05:14

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

«Мұндай жағдайлар сирек кездеседі»: салмағы 6 келіден асатын алып сәби дүниеге келді

23.08.2023

615 0

Ақтауда салмағы 6 келіден асатын сәби дүниеге келді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Сәбидің анасы Мұнайлы ауданының тұрғыны, бұл оның төртінші баласы екен. Дәрігерлердің айтуынша, қазір ана мен баланың жағдайы жақсы. 

«Тексеру кезінде әйелдегі ұрықтың өте үлкен екенін анықтадық. Сосын біз кеңес жинап, әйелді кесарь тілігі арқылы босандыру керек деп шештік. Ота сәтті өтті. Мұндай жағдайлар сирек кездеседі, мұндай салмақтағы сәбилердің туылуы ерекше құбылыс», – делінген облыстық перинаталдық орталықтың хабарламасында.

Бала мен оның анасы бірнеше күн дәрігерлердің бақылауында болып, кейін үйлеріне шығарылды. Шыққан кезде баланың салмағы 6 келі 280 грамм болған.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: