Мәжілістің бүгінгі отырысында депутаттар онлайн алаяқтықтың өсуі және цифрлық аударымдардың қауіпсіздігі туралы мәселені көтерді. Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев заң жобасының осы мәселелер бойынша сұрақ қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Дәулет Мұқаевтың айтуынша, цифрлық технологиялардың дамуы адамдарға ыңғайлы болғанымен, алаяқтық әрекеттердің өсуіне әкеліп отыр.
Қазір кредит алу, шоттардан ақша ұрлау сияқты жағдайлар жиі кездеседі. Барлық процесс жеңілдетілген, ешқайда барудың қажеті жоқ. Бірақ көп жағдайда үйден шықпай-ақ опық жеп жатамыз. Кодекс цифрлық ортадағы қатынастарды реттейді деп айттыңыз, енді онлайн аударымдардың қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі? – деді депутат.
Депутат Екатерина Смышляева бұл мәселеге жауап ретінде цифрлық кодексте қауіпсіздік пен идентификацияны қамтамасыз етуге арналған нақты шаралар қарастырылғанын атап өтті.
Онлайн алаяқтықтың өсуіне себеп – барлық идентификация процедуралары мен құралдарының толық сенімді болмауы. Кодекс цифрлық идентификация институтын дамытады, пайдаланушының аутентификациясын міндетті етеді, оның ішінде көпфакторлы және биометриялық жүйелерді енгізеді. Бұл кез келген волеизъявление алдында жеке тұлғаның қауіпсіз анықталуын қамтамасыз етеді, – деді Смышляева.
Сонымен қатар кодекс цифрлық қолтаңба мен цифрлық құжаттарға қосымша талаптар енгізетінін, сондай-ақ цифрлық объекттердің иелеріне нақты жауапкершілік жүктейтінін айтты.
Смышляеваның айтуынша, жаңа кодекс цифрлық іздер мен цифрлық дәлелдер ұғымын енгізеді.
Бұл – жүйелерде тіркелетін уақыт белгілері, логтар және басқа да мәліметтер, олар кейін сот немесе азаматтық істерде ресми дәлел ретінде пайдаланылуы мүмкін. Бұл процестерді дұрыс қолдану арқылы цифрлық фиксация дәстүрлі қағаз құжаттарға қарағанда әлдеқайда тиімді және сенімді болады, – деп түсіндірді депутат.
Сонымен қатар кодекс цифрлық жүйелерге аудит талаптарын күшейтеді, оның ішінде:
- Киберқауіпсіздік аудиті – жүйелердің қауіп-қатерлерге төзімділігін бағалау;
- Функционалдық аудит – жүйелердің нақты функцияларының орындалуын тексеру;
- Регуляторлық аудит – ішкі саясат пен заңнама талаптарының сәйкестігін бақылау.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
