Сейсенбі, 24 желтоқсан, 00:17

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Мұқағали өлеңі жатқа оқылған кеш

14.02.2023

3990 0

Бүгін менің туған күнім, ой пәлі-ай!
Мына адамдар не істеп жатыр тойламай?!
Банкет жасап берер едім өзім-ақ,
Тәңірім бір жарытпай-ақ қойғаны-ай, – деген өлең жолдарын еңбектеген баладан, еңкейген қарияға дейін жатқа біледі.
9 ақпан – Мұқағали Мақатаевтың туған күні. Өмірі өлең, өлеңі өмірге айналған Мұқағали Мақатаевқа арналған шаралар жастар арасында жиі өткізіледі. Себебі ақын өлеңдерін насихаттау арқылы жас ұрпақтың бойында патриоттық сезім мен адамгершілік рухы қалыптасады. Ақынның өлеңдерін жатқа білмейтін бала жоқ шығар, сірә…
Қызылорда облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ мен қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №19 кітапхананың ұйымдастыруымен поэзия тынысын өзінше кеңейткен, қазақы формалар мен бояуларды сақтай отырып, «шекпен жауып қайтарып», жаңа леп, жаңа үн қосқан ақынды еске алуға арналған әдеби-сазды жыр кеші өтті.
Рухани шараға Қызылорда облысы¬ның қоғамдық даму басқармасына қарасты «Тілдерді дамыту орталығы» КММ-нің оқу әдістемелік бөлім басшысы Гүлбану Сембиева, ғылыми бөлім сарапшысы Шолпан Қайбрахман, Қызылорда облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі де¬партаменті қызметкерлері және Сыр өңіріне белгілі ақындар мен белсенді жастар қатысты.
Ақын поэзиясының қайнар көзі, шабыт тұғыры – туған елі, өскен жері, Отан тағдыры, замана тынысы, замандастарының арман-аңсары. Осының бәрін ол жас да¬рынға тән қайталанбас шеберлікпен, әр жү¬рекпен тіл табысар сыршыл да шыншыл сезіммен, нағыз поэзияға ғана тән бейнелі образдармен бейнелеп, өлмес туындыларды дүниеге әкелді.
Кеште бірқатар талантты жастар Мұқағали әлеміне тереңірек бойлап, оның сыршыл поэзиясы, пайымдауы өзгеден бөлек жебелі жырларын жүректерге ерек¬ше үнмен, соны серпінмен жеткізді. Кеш қонақтары «өмірден өзі өтсе де, өлеңі өш¬пеген» ақынның аз ғұмырында артына қал¬дырған жалынды жырларымен таныс болып, ерекше әсер алды. Сонымен қатар ақынның «Қырман басында», «Қойшы бала Әкітай», «Інімнің ойы», «Шебер» өлеңдері «Жастық жыры» секілді жинаққа енген тұңғыш өлеңдері оқылды.

Ақмарал ОЛЖАБАЙ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: