Жұма, 26 қыркүйек, 11:41

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№72, 2185
23.09.2025
PDF мұрағаты

Бақылау және қадағалау органдары бизнес алдында есеп берді

26.09.2025

102 0

Ағымдағы жылғы 25 қыркүйекте Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Ардақ Темірханұлы Зебешевтің төрағалығымен бақылау және қадағалау органдарының бизнес-қауымдастық алдындағы жыл сайынғы бірыңғай есеп беру күні өтті.

Бақылау және қадағалау органдары бизнес алдында есеп берді

Шараның мақсаты – мемлекеттік органдар мен кәсіпкерлер арасындағы өзара байланысты күшейту, заң бұзушылықтардың алдын алу және бизнестің құқықтық сауаттылығын арттыру.

Кездесуге құқық қорғау органдары, жергілікті атқарушы органдар, облыстық кәсіпкерлер палатасы мен бизнес өкілдері қатысты.

Облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы, төтенше жағдай департаменті, еңбек инспекциясы және кәсіпкерлер палатасы 2025 жылдың 8 айындағы жұмыс қорытындыларын таныстырды.

Бақылау және қадағалау органдары бизнес алдында есеп берді

Талқылау барысында бизнес өкілдері өзекті мәселелерді көтерді: құрылыс нысандарын заңдастыру, онлайн салық тексерулері, санитарлық талаптар, жекеменшік білім беру ұйымдарын қаржыландыру және өндіріс аймағындағы экологиялық проблемалар.

Жиын соңында Ардақ Темірханұлы әрбір кәсіпкердің мәселесі жеке қаралатынын және тиісті қолдау көрсетілетінін атап өтті.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: