Сәрсенбі, 25 желтоқсан, 18:13

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Мұрат ЖЕТПІСБАЕВ газеттің 2011-2012 жылдардағы редакторы: «Көлік мінген күн»

16.04.2022

1222 0

2011 жылы «Ақмешіт апталығы» газетінің редак­торы қызметінде болдым. Осы жылы ҚР Байланыс және ақпарат министрлігіне қайта тіркелген «Ақмешіт апталығы» газетінің тари­хындағы екінші кезең еді. Ба­сылымның құрылымы мен бағыты да өзгерді. Басылым «қалалық қоғамдық-саяси газет» болды. Қала әкімдігінің жанынан «Қызылорда ме­диа» кәсіпорны құрылды. Ай­туға оңай болғанымен жаңа кәсіпорын құру дегенің қаза­бат шаруа екен. Үш ай табанымыздан тозып, түрлі мекеме араладық. Ерекше айта кету керек, газеттің дизайнын өзгертіп, түрлі-түсті форматта шығара бас­тадық. Қалада атқарылып жатқан жұмыстарды кеңірек көрсеттік. Мәселен, «Бүгінгі мен бұрынғы», «Сырт көз» айдарлары жарыққа шықты. Арнайы беттер жасадық.

Осылайша сыни мате­ралдар бере бастадық. Аз уақыт ішінде таралым 1,5 мыңнан 5 мың данаға өсті. Осы жылы газеттің мекенжайы өзгеріп, Қызыл­орда қаласы, Бөкейхан кө­шесіндегі ғимаратқа көшті.  Ол ғимараттың ішкі жөндеу жұмыстарын редакция ұжы­мы өзіміз келіп істедік. Бұл да естен кетпес қызықты сәттер. Ешкімді көмекке шақырмай-ақ сенбі, жексенбі күндері келіп, барлық кабинетті әктеп, сырладық. Әкімдік бөлген қаржыға «Toyota Hiace» автокөлігін алдық. Редакцияның бүкіл мүлік-мүккәмалын жаңарттық. Әкімдік «Hiace» автокөлігін алыңыздар деді.

Дәл сол кезде Жапонияда үлкен апат болып, көліктерін сыртқа шығармай қойды. Бәріміз жан-жақтан іздедік. Күн өтіп бара жатыр. Бөлінген ақшаны тезірек игеріп, көлік алу керек. Сол уақытта Арабия шығарған көліктерді әкеп сататындарды таптық. Бірақ қымбаттау болды. Сөйтіп жүргенде Астанаға іс-сапармен барып,  сол жақтағы автосалоннан таптық. Онда да жалғыз «Toyota Hiace» тұр екен. Соны көріп, алып үлгердік. Ең бірінші көлікті көргенде редакция ұжымының қуан­ғанын көрсеңіз. Бәріміз балаша мәз болып, суретке түскеніміз бар.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: